Жаңалықтар

Облыс әкімі орталықтағы жұмыстарды аралап, алғашқы тапсырмаларын берді

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы 10-ға жуық құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты.
📌 Өңір басшысы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болып, мердігерлер мен жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Әрбір құрылыстың сапалы жүргізілуінің қатаң бақылауда болатынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың қашанда назардан түспеуін ескертті.
📌 Түркістандағы тұрғын үйлерге сұраныс көп. Баға тұрақты. Әкім олардың сейсмикалық жағдайын бақылауда ұстауды, баспаналардың талапқа толық сай салынуын қадағалауды ескертті.
Әкімшілік – іскерлік орталықта 60 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын.
📌 Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістанда пайдаланылатын ағын су жүйелері бойынша жұмыс барысын баяндады.
📌 Жалпы жасыл желектерге жарты жылда пайдаланылатын су көлемі 10 млн м3. асады. 5 бірден су босату нүктесінен жалпы тəулігіне 50 мың м3 астам ағын су алынуда. Ай сайын 1,5 млн м3 асатын ағын су пайдаланылады.
📌 Дархан Амангелдіұлы сонымен қатар Яссы көшесі мен «Отырар» шағынауданын абаттандыру жұмыстарын қадағалады. Исмаилов көшесіндегі канал мәселесі де талқыланып, тапсырмалар жүктелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button