Новости

(Қазақша) Түркістан облысында мыңнан аса студент «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары» қатарында еңбек етеді

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Елімізде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімі пайдалану мақсатында «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары» құрылғаны белгілі. Осы жасақтарда мыңдаған студент ала жаздай тер төгіп, еңбектің дәмін татады. Әрі сол арқылы өздеріне де, қоғамға да пайдасын тигізеді.

Соңғы жылдары Түркістан облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлерден бөлек әкімшілік ғимараттар мен спорт кешендері салынып жатыр. Осыған орай бұл салада жұмысшыға сұраныс жоғары.

Биыл өңірде 934 жас «Студенттік құрылыс жасақтары» жобасына қатысуға өтінім берген. Оның ішінде 187 студент 24 мердігер компанияларда жұмысқа орналасты. Еңбектері үшін олар орташа есеппен 150-170 мың теңге жалақы алады.

Студенттер Түркістан облыстық құрылыс басқармасы меморандумға отырған мердігерлермен жұмыс істейді. Олардың техникалық қауіпсіздігі үшін алдын-ала оқу-жаттығу сабақтары да жүргізілееді. «Студенттік құрылыс жасағының» қатарынан табылғысы келетін жастар саны көп. Дегенмен мүмкіндікке жыл бойы қоғамдық шараларға қатысып, жақсы оқыған белсенді құрылыс саласының студенттері ғана қол жеткізіп отыр.

Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарына қосылып, қосымша қаржы тауып жүрген жастар да баршылық. Маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 900-ге жуық студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді. Атап айтар болсақ, маусым айында 176 сарбаз, шілде айында 280 сарбаз, тамыз айында 400 сарбаз жұмыспен қамтылды. Жаздың бірінші айында Арыс, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында, шілдеде Арыс, Отырар, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында, тамыз айында Отырар, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарында жұмыс жүргізілді.

Маусымдық жұмысқа тартылған студенттер мен жұмыссыз жастардың еңбекақысының 50 пайызы жұмыс беруші мекемеден, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленіп келеді.

Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты- жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.
Сондай-ақ, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту.

Бұл жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.

Айта кету керек, құрылған еңбек жасағы облысымызда 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button