Новости

(Қазақша) Түркістан облысында жастар арасында кәсіпкерлік салаға қызығушылық артты

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

«Zhas Project» — жастарды ел экономикасы мен әлеуметтік өміріне тартуға және оның идеяларын жүзеге асыруға бағытталған жоба.

Оған 6 өңірдің азаматтары, атап айтқанда, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан мен Маңғыстау облысының тұрғындары қатыса алады. Жоба аясында 250 грант бөлінді. Құны 1 млн теңгелік грант биылғы тәртіп бойынша үміткердің қолына тікелей берілмейді. Өйткені мақсатсыз жұмсалу фактілері болған. Ол тек жобаны қаржыландыруға жанама жаратылады.

Шілде — тамыз айларында Түркiстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері ZHAS PROJECT жобалық кеңсесінің мамандарымен бірлесіп 17 аудан қала жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде Түркістан облысы бойынша 924 өтінім қабылданды. Ережеге сәйкес конкурсқа әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы өңірдің 18-29 жас аралығындағы жастары немесе осал топтарды қолдау және жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жастардың жобалары қатысты. Барлығы 924 өтінім қабылданды. Техникалық іріктеу нәтижелері бойынша оның 185-і өтті. Конкурстық комиссия өтінімдерді іріктеу қорытындысы бойынша жоғары баллмен 63 жобаны анықтады. 3 жоба бірдей ұпай жинады. Конкурстық комиссияның онлайн отырысында рандомизация арқылы 2 жеңімпаз анықталды.

— Биыл 924 өтініп келіп түсті. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіш. Түркістан облысының жастары өз белсенділіктерін көрсетті. Жобалары қабылданған қатысушылар жұмыстарын желтоқсан айын дейін іске асыруы керек, — дейді Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев.
Сонымен қатар, облыс жастарының кәсіпкерлік салаға қызығушылығын арттыру мақсатында, Түркiстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Кәсіп Talks» форумы өтті.

Форумға 300-ден астам кәсібін енді бастайтын жастар және кәсіпкерлер қатысты. Олармен өз тәжірибелерін бөлісу үшін облысымыздың үлкен кәсіпкерлері мен белгілі SMM мамандары келген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button