Новости

(Қазақша) Түркістан облысында шабдалыдан 50 тонна өнім алынбақ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны бау бақша шаруашылығымен айналысып, осы саланы дамытуда үлес қосып келеді.
Жергілікті кәсіпкер Мәдеи Есқараев 2020 жылы Түркиядан шабдалының 95 мың түп көшетін әкеліп, 17 гектар жерге еккен. Бау Израилдік технологиямен жабдықталған. Тамшылатып суару әдісі қолданылады. Ерекше баптап күтудің нәтижесінде биыл алғашқы өнімін берді. Қазір терім науқаны жүріп жатыр.

– Қазір өнім ішкі нарықта сатылуда. Біздің бірнеше өңірде сатылып жатыр. Атап айтсақ, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысы және Шымкент, Алматы, Астана қалаларында сатылуда. Басынан 300-350 теңгеден алып кетіп жатыр. Сапасына байланысты. Қазір бауда күніне 40-50 адам шабдалы жинайды,- дейді шаруашылық төрағасы Мәди Есқараев.

Биыл бағбан 45-50 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Алдағы 2-3 жылда жеміс ағашы 400 тоннаға дейін өнім беретінін айтады. Жалпы мұнда қарқынды баудың көлемі 60 гектар. Оның 11-не алма, 30-на өрік, қалғанына шабдалы егілген. Жалпы Ордабасы ауданында көпжылдық жеміс шаруашылығы жақсы дамыған.

– Алма, жүзім бауы – көпжылдық дақылдар 1640 гектарды құрайды. Оның 600 гектары алма бау болып есептеледі. Одан 995 тонна өнім алдық. Қазір өнім жинау науқаны жүруде. Жалпы биылғы өнім жаман емес. Бағасы тұрақты. Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылы 70 мың гектарға егілді. Оның 24 мыңы масақты, 18 мыңы мал азығы және 4 мың гектары бақша дақылдары. Мамандар келер жылы жергілікті жемісті терең өңдеп, түрлі шырын шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр, -деді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әбілда Әлібеков.

Әрбір бау-бақшасы жайқалған үйде жеміс ағаштарының көптеген түрлері кездеседі. Соның ішінде өте нәзік, шырынды жемісі бар шабдалы ағашы туралы біраз ақпараттар мен мол өнім алудың жолдарын сөз етеміз. Шабдалы ағашының бес түрі бар. Кәдімгі шабдалы Гансун шабдалысы Давид шабдалысы Потанин шабдалысы Ғажайып шабдалы Шабдалы ағашының барлық түрлері кәдімгі шабдалы ағашын будандастыру арқылы тараған. Кәдімгі шабдалы ағашының биіктігі 6 — 8 метр, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2 — 3 жылдан бастап 15 — 20 жылға дейін жеміс береді. Жемісі етті, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органикалық қышқылдар, А, С витаминдері көп. Дәнінде болатын шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады. фото: yandex.kz Әр шабдалы ағашынан 20 — 120 кг аралығында жеміс алынады. Жемісі жастай және кептірілген күйінде (компот, тосап, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады. Өнімді мол алу үшін топырақты құнарландыру, уақытымен суғару және қажетсіз бұтақтарын кесіп, сиретіп отыру керек. Осы орайда шабдалы ағашының жемісін мол беріп, ұзақ жасағанын қаласаңыз мына кеңестерді керегіңізге жаратыңыз: Шабдалы ағашының қалыптасуының басты кезеңі оны дұрыс кесіп, қырқу. Бұл ағаштың әдемі қалыптаөсуіне және сапалы да мол өнім беруіне тікелей ықпал жасайды. Керексіз өскіндерді қырықсаңыз ағаштың түбіне, бұталарына жарықтың мол түсуіне әсер етеді. Қураған, гүлдемеген бұтақтарды қырқу, тамырдың нығаюына, күшті болуына көмектеседі. Жеміс беретін жаңа бұтақшалардың шығуын көбейтеді. Әрі алатын өнім мол, көлемді және тәтті болады. Ағаштағы артық бұтақтарды, өскіндерді қырқу күзде ғана емес, көктем, жаз айларында да жүргізіледі. Дұрыс жасалмаған жұмыстан аз, көлемі кішкентай, әрі толық пісіп жетілмеген өнім аласыз. Сондықтан: Егер ағашыңыз жас,отырғызылғанына көпболмаған болса, онда оның жан – жаққа шашырап тұрған артық өскіндерін қырқып тастаңыз. Бұл сізге ағашыңыздың әдемі қалыптасуы мен тез өсуіне әсер етеді. Өскінді (побег) бүртіктің (почка) үстінен 3 мм биіктікте сыртқа қарай қиғаштап кеседі. Орныққан, жемісін беріп жүрген ағаштардағы аралас бұтақтардың ішінен жіңішкесін қырқу қажет. Жуан бұтақтарды түзу кеседі. Егер бұтақ жуан әрі салмақты болса онда сынып ағашты жарып жіберуі мүмкін. Кішкентай бұтақшалар, бұлардан өнім күтпеңіз, гүлдеген болса да аз өнім береді, әрі одан кейін қурап қалады. Сондықтан бұларды көктемде қырқып тастау қажет. Жазда шығып, тамыз айының соңдарына қарай қалыптасқан бұтақшаларды міндетті түрде күздің соңында кесіп тастау қажет. Көптеген жағдайларда бұталар екі айыр болып өседі. Бұлар қолайсыз ауа- райында шыдас бере бермейді. Сынған жерлері қурап қалады немесе қыста үсіп кетеді. Мұның алдын алу үшін айыр болған бұтақтарды көктемде қырқу қажет. Былтырғы жылда жеміс берген бұтақшалардан арылтыңыз. Себебі олар осы жылда өнім бермейді. Есте сақтайтын жайттар: Әрқашанда өткір қайшымен кесіңіз, өтпейтін қайшы (секатор) ағашты сындырады, сынған жер ауруға шалдығады. Бүртіктен 3 мм жоғары кеспеңіз, себебі өте биік кессеңіз сабақ кеуіп кетіп бүкіл бұтақ қурап қалуы мүмкін. Бүртікке тым жақын да кеспеңіз, себебі байқаусызда бүртікті жаралап алсаңыз келесі бүртік те өледі. Бүртік жаққа қаратып қиғаштап кеспеңіз, себебі, жауынның суы ағып бүртікке келеді. Осының салдарынан бүртік өліп қалады. (Бүртіктен гүл шығады). Жалпы көктемгі қалыпқа келтіру жұмыстары ағаштың дамуын жақсартып, өсуін тездетеді. Қырқу жұмыстары ағаштың бүр жарған кезі наурыз айының соңы мен сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Кейіннен екі үш апта өтіп, гүлдеген кезде гүлі аз немесе гүлдемеген бұтақтарды кесуге болады. Сондай-ақ алғашқы түйіндер пайда болып гүлдер түсе бастаған кезең де қырқуға қолайлы кезең. Бірақ бұл бір аптаның ішінде орындалуы тиіс шара. Көктемгі қырқудың негізгі ерекшелігі бұталардағы өнімнің өсу уақытын ұлғайту. Артық керексіз бұтақшалардан арылған соң негізгі күш пен минералдар өнім беретін бұталарға ауысады. Шабдалы ағашы жақсы күтімді талап етеді. Сол себепті ондағы майда, ауру, сынған бұталарды қырқып отыруға қорықпаңыз. Бұл сізге мол және сапалы өнім алуыңыздың кепілдігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button