Новости

(Қазақша) Түркістандағы мектептерде «Е-асхана» жүйесі іске қосылады

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Бұл пилоттық жобаға Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейі таңдап алынды.

«Е-асхана» жүйесінің көмегімен ата-аналар балаларының мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын ұялы телефондағы қосымша арқылы көре алады.

«Жүйенің пайдасы көп екендігі көрініп-ақ тұр. Арнайы мамандар мектептерде құрылғыларды таныстырды. Енді түркістандық балалар цифрлық жүйеге үйренуі керек», — дейді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.

«Е-асхана» жобасының менеджері Әлібек Қалдыбековтің айтуынша, ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң QR-код беріледі.

Баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын ақша салып отыруға болады.

Оқушы асханада сол QR-код арқылы төлем жасап, есептеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button