Новости

(Қазақша) Түркістан облыстық өлкетану мұражайы, Қазақстан Республикасындағы ең көне мұражайлардың бірі

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

1920 жылы ашылған өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасындағы ең көне мұражайлардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда оның қорында 88 мыңнан аса құнды экспонат бар. Барлығы 4 улкен көрме залына жайғастырылған. Палеонтологиялық археология, этнография, Қазақ хандығының және Тәуелсіз Қазақстан тарихына бағытталған әрбір зал өзіндік тақырыпқа ие. Мұнда ғылыми бағыттағы мақалалар мен кітаптар жинақталған көпшілікке арналған үлкен кітапхана орналасқан. Сондай-ақ мұражайда экскурсиялық және көрмелік қызмет көрсету департаменттері және археология мен тарих қорлары бар 5 мамандандырылған бөлім жұмыс жасайды. Тарихи-өлкетану мұражайының негізінде қызықты экскурсиялық дәрістер өткізіледі, оның барысында барлық экспозициялық залдардың көрнекті үлгілері жайында толық ақпарат беріледі. Облыстық мұражайының Түркістан әдеби-мәдени мұражайы мен Түркістан округіндегі әдеби-мемориалдық мұражайды қоса есептегенде, барлығы 8 филиалы бар.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының коллекциясы тұрақты түрде өсіп, жаңартылатындықтан келушілерді әрдайым жаңа, жұмбаққа толы қызықты туындылар мен тарихи заттар күтеді.

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіде 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрмеде: облысымыздағы мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс ардагерлері және білім мен мәдениет саласының қызметкерлерінің фотосуреттері, құжаттары және музей қорынан құнды жәдігерлері қойылды.

Тарихы: 1990 жылы желтоқсан айының 15 күні БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырдан бастап пайда болған. Бастапқыда Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, ересектер тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырады.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені ұмытпайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button