Спорт

Түркістанда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтіп жатыр

Ел Астанасынан Түркістан қаласына дейін жүріп өтетін салт аттылар марафон-бәйгесі басталды. «AMANAT» партиясының қолдауымен тұңғыш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған іс-шара «Ұлы дала жорығы» деп аталады. 100-ден астам шабандоз Қазақстанның киелі жерлерін аралап, елордадан Түркістанға дейінгі 1200 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

Әлемдегі кез келген халық тәрізді қазақ елінің де сонау ілкі замандардан тамыр тартатын, қайталанбас, түрлі қым-қиғаш оқиғалар мен құбылыстардан тұратын және әлем мәдениеті қазынасын ойып орын алатын жауһарларға толы бай тарихы мен мәдениеті бар. Міне, осындай бай мұрамызды зерттеп зерделеу, жас ұрпақтың бойына сіңіру, оны насихаттау және ұлтық ерекшелігіміз ретінде дәріптеу керектігі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың назарынан тыс қалған емес.

Елбасы тарихымызды білу ұлт болашағының кепілі екендігін әрбір салиқалы сөзінде атап келеді. Жақында ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осының айқын дәлелі.
Мемлекет басшысының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған бұл стратегиялық бастамасының алғышарттары тарихымыз бен мәдениетімізді кешенді түрде танып-білуде оң әсерін тигізген «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру» тәрізді бағдарламаларда жатыр деуге болады.
Жалпы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты бөлімінде қозғалған әрбір тақырып өз алдына үлкен мәнді дүние. Солардың ішінде ең алғашқы болып қозғалған Ұлы даладағы «Атқа міну мәдениеті» қазақ халқының ежелден тамыр тартатын болмысымен астасып жатқандай. Олай дейтініміз қазақ даласын түрлі тарихи кезеңдерде мекендеген халықтардың барлығының тұрмыс-тіршілігін жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Жылқымен байланысты тарихи-мәдени сабақтастық сонау энеолит заманын бастау алып қазақ халқына дейін ешбір үзіксіз жеткен. Оның айқын дәлелі ретінде еліміздің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылып, сол замандардан ақпарат беріп тұрған түрлі археологиялық ескерткіштер тобын атауымызға болады.
Мәселен, бұл жерде ең алдымен айтылатыны Елбасының мақаласында сөзге тиек етілген әлемге танымал Ботай ескерткіші. Ботай қонысы жай ғана археологиялық ескерткіш емес, ол қазақ даласындағы ежелгі бақташылардың алғашқылардың бірі болып жылқыны қолға үйрету арқылы салтаттылар мәдениетінің негізін қалағандығын дәлелдейтін тарихи-мәдени кешен.
Мысты тас дәуірінен бастау алған жылқы культі қола дәуірінде өзіндік бір дүниетанымдық апогейге жетеді. Ол ең алдымен ұлы дала кеңістігінде экономикалық шаруашылықтың жаңа түрі – көшпелі (жартылай көшпелі) бақташылық қалыптасуымен байланысты. Өндірістің жаңа түрі қола тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде сан түрлі өзгерістер қалыптастырады. Әсіресе, бұл жаңа мәдени шаруашылық типіне сәйкес, сол тұрғындардың өмірінде ерекше маңызға ие бола бастаған жан-жануарлар әлемімен тығыз байланысты. Кез келген жан-жануардың тіршілік қарекетіндегі орнына сәйкес оған қатысты сан қырлы әдет-ғұрыптар мен жосын-жоралғылар орындала бастайды. Ал мұндай рәсімдер қарастырылып отырған уақыттағы халықтардың өндірістік үдерістерінің сипатына ықпалын тигізді. Мәселен, ежелгі қауымдастықтарға материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз еткен жаңа өндіріс күштерінің киелі саналуы осының айқын дәлелі. Соның ішінде жылқы малының орны алабөтен. Оған еліміздің орталық, солтүстік және батыс өңірлеріндегі қола дәуірінің Нұртай, Аяпберген, Ащысу, Бірлік, Ақсайман, Ұлыбай, Бестамақ, Бағанаты, Танаберген, Жаман-Қарғалы және тағы да басқа ескерткіштеріндегі адаммен жылқыны қосып жерлеу ғұрыптары бұлтартпас айғақ. Оған қоса еліміздің түкпір-түкпіріндегі петроглиф кешендерінде қола дәуірімен сипатталатын суретттердің басым бөлігінде жылқы немесе онымен қатысты түрлі жосын-жоралғыларды бейнелейтін кескіндердің көптеп кездесуі, әсіресе, Орталық Қазақстандағы Теректі Әулиедегі зооморф бейнелердің 90% жылқы суреттерінен тұруы көп нәрсені аңғартады. Бір сөзбен айтқанда қола дәуіріндегі «салтаттылық мәдениет» тек күнделікті тіршілікпен байланысты ғана емес, дүниетанымдық сипат алады.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңында Еуразияның далалық аймақтарында жаңа мәдени-шаруашылық тұрпатының толыққанды орнығуы орын алады, яғни дала өркениетінің негізі қаланады. Осынау ұлан-ғайыр атырапта бір жағынан алып қарағанда түрлі санаттары бойынша бір-біріне етене жақын, екінші жағынан өзіндік ерекшеліктері бар салтаттылар өркениеті құлаш жайып, адамзат тарихының даму сатысына белгілі бір үлестерін қосты. Осы уақытта Ұлы даланы мекендеген сақтар, ғұндар, сарматтар, үйсіндер, қаңлылар және тағы да басқа тайпалар жылқының арқасында кеңістік жайлы ойларын кеңейтіп, көрші халықтарға атпен бірге өсіскен «кентаврлар» ретінде танылды. Бір сөзбен айтқанда отты қару пайда болғанға дейін көшпелілер сайын даланың нағыз қожайынына айналған болатын.
Алғаш мысты тас дәуірінде қолға үйретіліп, өндірісте негізгі күшке айналған жылқы түркі кезеңінде өзінің шаруашылық пен дүниетанымдағы маңыздылығын одан ары жоғарлатпаса төмендете қойған жоқ. Мәселен, Әл-Джахиздің ІХ ғ. ортасында жазылған шығармасындағы мынадай жолдар көр жайтты аңғартады: «Егер де сен түріктің өмір сүру уақытын есептеп шығарсаң оның өмірінің басым бөлігін жер бетінде емес, аттың үстінде өткізгендігін аңғарасың». Бұл дегеніміз Алтайдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты ежелгі бабаларымыз ат үстінде жүріп игергендігі анық.
Ежелден бастау алып, үзілмей жеткен мұндай тарихи-мәдени сабақтастық қазақ халқының болмысында кең өріс алды. Қазақ халқының тарихы, материалдық және рухани мәдениеті жылқымен біте қайнасып жатыр десек артық айтпаған болар едік. Нәресте туғаннан бастап азан шақырып «ат» қойып (арнап), ашамайға отырғызған, өлсе, арнайы жылқы («тұл») арнаған қазақ халқы жылқы мен батыр бір бүтін деп түсінген. Бірнеше үйірден жоғалған бір жылқыны анықтай алатын қазақ халқы үшін жылқы малының қандай маңызды болғандығын айтпаса да түсінікті. Бір ғана нәрестесінің өзін «құлыным», «құлыншағым» деп еркелетуінің өзі ғажап дүние.
Көріп отырғанымыздай «салт аттылар мәдениетінің» тарихи-мәдени сабақтастығын үзбестен қазақтың сан-қырлы болмысынан көрініс табуында үлкен мән жатыр. Энеолит заманында жылқыны алғаш қолға үйреткен бабаларымыз әр тарихи кезеңде жаңа дүниелер енгізіп отырды. Оның бәрі материалдық және рухани мәдениеттің түрлі саласымен астасады. Нақтырақ айтар болсақ, бабаларымыз жылқыны да және өзін де жетілдірудің озық үлгілерін жасады. Яғни, «атқа міну мәдениетімен» бірге ат-әбзел үлгілері, қару-жарақ, соғыс өнері, дүниетаным, түрлі жосын-жоралғылар, киім үлгілері және тағы басқалары дамыды. Бұл орайда жылқы малын тіршілік тынысының бір тірегі еткен әрісі ежелгі көшпелілердің, берісі қазақ халқының да жылқы түлігі туралы ғасырлар сынынан өткен өзіндік талғам-танымы бар.
Сондықтан оны зерттеу, зерделеу және онымен белгілі бір мәдени дәрежеде мақтану орынды жайт. Елімізде оған үлесін қосып жүрген ғылыми орталықтар да және ғалымдар да аз емес. Солардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің де өзіндік орны бар. Атап айтар болсақ, университетіміздегі «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институты және оның басшысы В.Ф.Зайберт Ботай ескерткішіндегі зерттеулерін кешенді түрде жалғастырып келеді.
Зерттеу жұмыстарымен қатар университет студенттері Ботай ескерткішінде оқу тәжірибеден өтіп, ежелгі мәдениттен тарихи білім мен рухани азық алуда. Одан бөлек «Шілікті-Тарбағатай» археологиялық экспедициясының басшысы Ә.Т.Төлеубаев Шілікті жазығынан жылқы қосып жерлеу дәстүрі сақталған ескерткіштерді ашу арқылы бір мөлтек ауданмен шектелген Құлажорға кезеңінің шекаралық аймағын біршама кеңітті. Сонымен бірге аталған ғалым ежелгі көшпелілердің дүниетанымындағы жылқы бейнесін қазақ халқымен сабақтастыра зерттеуде үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Осылармен қатар «Алтай» археологиялық экспедиция жетекшісі Ғ.Қ.Омаров Қазақ Алтайындағы ежелгі және ортағасырлық ескерткіштерді зерттеу арқылы, соңғы уақыттарда қимақ мәдениетінің сан қырын сипаттайтын тың дүниелерді көпшілікке танытуды. Бұл ретте жақында ғана университетіміздің «әл-Фараби» кітапханасында ашылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-көркем экспозицияда IX-XI ғасырдағы қимақ кезеңіне жататын жылқының ет-тұрманының қойылуын ерекше атап өтуге болады. Жалпы айтқанда, университетіміздің «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыптары аясындағы жұмыстары бұлармен шектелмейді.
Қорытындылай келе айтқанда, атқа міну мәдениеті ол ең алдымен аттың жалында жүрген ата-бабаларымыздың ұлан-байтақ жерді бізге мирас етіп қалдыруы. Бұл жердегі ең басты мәселе темір тұлпардың қандай түрін бағындырсаң да, ұлт тарихы, әсіресе жылқы мәдениетімен астасатын рухани және материалдық әлемді санадан шығармау. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының астары осындай тарихи сауаттылықты меңзеп тұрғандай.

Айтулы іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясының Тәрағасы Ерлан Қошанов қатысып, сәз сәйледі. Іс-шараны ашқан Ерлан Қошанов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сәзін оқып берді. «Біздің бабаларымыз Ұлы дала шежіресін тұлпардың тұяғымен жазған. Бүгінгі ұрпақ – сол көшпенділер мәдениетінің заңды мұрагері. Шын мәнінде, қазақ пен жылқы егіз ұғым. Арғымақ атты халқымыздың символы деуге болады. Біз қазіргі заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға тиіспіз. Бүгінгі бәйгенің басты мақсаты осы. Әр өңірден келген шабандоздар кең байтақ Қазақ даласын көктей етіп, қасиетті Түркістан қаласына ат басын тірейді. Бұл – нағыз азаматтар мен қазанаттар сыналатын дода. Сон дай-ақ елімізге рухани серпіліс әкеліп, жастарды отаншылдыққа баулитын бірегей жоба», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Марафонға қатысушыларға арнаған сөзінде партия Төрағасы «AMANAT» алдағы уақытта да ат спорты түрлері мен басқа да ұлттық спорт бағыттарын насихаттауға және дамытуға атсалысатынын атап өтті. «Президентіміздің бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Біз Әділетті Қазақстанға бастайтын жолдың бастауында тұрмыз. Бүгінгі жорықтың осындай тарихи кезеңмен тұспа-тұс келуінің үлкен символдық мәні зор. Біздің ұланғайыр жеріміз бар. Сол кең байтақ жердікесіп өту ол жігіттің жігітінің ғана қолынан келетін және аттың аты ғана шыдайтын ұзақ жол. Сондықтан жорытқанда жолдарыңыз болсын», – деді Ерлан Қошанов.\

Ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, қала әкімі Алтай Кәлгінов, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ бұл марафон шабандоз мәдениетін Қазақстан бренді ретінде қалыптастыруға негіз болады. 18-29 қыркүйек аралығында марафоншылар елордадан Түркістан қаласына дейін 1 200 шақырымнан аса қашықтықты басып өтті. Марафон 100 шақырымдық 12 сатыға бөлінген. Еліміздің әрбір өңірінен марафонға 1 командадан қатысады. Марафонға қатысушыларға Ұлы Дала рухын сезінуге және түркілердің киелі жерлері – Жошы хан, Алаша хан кесенелері, сондай-ақ Қазақ хандығының алғашқы астанасы Созақ қаласы мен түркі руханиятының бесігі Түркістан қаласы сияқты тарихи орындарға зиярат жасауға мүмкіндік туады.

– Елордамыздан тура 20 команда бастаған болатын. Өкінішке орай қазір міне ертүріктің бесігі киелі Түркістан қаласына 10 -нан аса аймақтың өкілдері келіп жетті. Бір жыл бойы біздің шабандоздарымыз дайындалып, бізді мүмкіндік жасап, қолдау беріп, келесі жылға осы жобаны жалғастыратын кезде біздің 20 командамыз толық өз мәсерісне жетеді деген күмән жоқ, – Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы.

Соңғы меже – Түркістан қаласына дейін ең қысқа уақыт ішінде жеткен команда мүшелері бас жүлде – «Ұлы дала сарбазы» атағы мен 30 000 000 теңге кәлеміндегі жүл демен марапатталады. 2 және 3-орын иегер лері сәйкесінше 20 000 000 теңге және 15 000 000 теңге жүлдені қанжығаға байлайды. Жарыс барысында барлық қатысушы демалыс орны, азық-түлікпен және қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Марафон-бәйгені «AMANAT» партиясы, The Great Steppe Tour» қоғамдық қоры мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Елордадан жолға шыққан шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды. Әр командадан марафон-бәйгеге бес сәйгүлік қосылды. Олар күніне 100 шақырымды бағындырып, 600 шақырымнан кейін аттарды ауыстырып отырды. Сайыстың соңғы күні 4 команданың жүйріктері мәре сызығын кесті. Ұлттық спортты ұлықтаған шабандоздарды жанкүйер қауым ыстық ықыласпен қарсы алды. Биыл алғаш рет өткен марафон-бәйгеде қазақтың қазанатын дәріптеген жеңімпаздар Түркістанда марапатталды. Командалық есеп бойынша Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасы бас бәйгені алды. Ұзақ жолға мойымаған шын мықтылар 24 млн теңгенің сертификатын иеленді. Екінші орын Жетісу өңірінің командасына бұйырды. Олар 12 млн теңге ұтып алды. Ал Түркістан облысы «Теріскей» командасының шабандоздары 9 млн теңге сыйақыны қанжығаға байлады. Жарысты ұйымдастырушылар ұлттық спортты жаңғырту арқылы халықтың рухын көтеруге болатынын айтады.

– 12 күн 1200 шақырымды атпен жүрім ету оңай мүмкін емес. Оны мен қазір сразу жеңл өттік десем өтірік болады. Талай ата-бабамыздың жүріп өткен жерін сезінгендей болдық шынымен де. Тарихтың бір бөлшегінде қалдық деп есептейміз өзімізді. Қуаныштымы, Аллаға шүкір. Аттарымыз аман-есен келді. Жеткізді – Нұрсаған Дәулетұлы, Маңғыстаулық шабандоз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button