БастыЖаңалықтар

Теміртауда 60-қа жуық көпқабатты үй жылусыз қалды

Теміртауда коммуналдық апат салдарынан 58 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Қозғалмайтын құрылғыны дұрыс орнатпау салдарынан 58 үй жылусыз қалды. Мердігер компанияның шамасы жетпейтін болғандықтан «Арселор Миттал» компаниясы қосымша көмек көрсетіп жатыр.

«Қазіргі уақытта келеңсіз жағдайды қалпына келтіру үшін барлық шараларды жасап жатырмыз. Құрылғыны ауыстырдық. Нәтижесінде 48 үйге жылу берілді», – дейді «Теміртау қаласы тұрғын үй шаруашылығының басшысы Ринат Қыдырбеков.

Сондай-ақ «Оқжетпес-Т» ЖШС-не жылуы болмаған аудан тұрғындарынан жылу жүйесіне төленетін төлемақыларды есептемеу туралы тапсырма берілген. Теміртауда ауа температурасы, Gismeteo мәліметінше, қазір минус 2,7 градустан минус 6 градусқа дейін төмен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button