(Қазақша) Түркістан: Тарихи мекендер мен ескерткіштерді қорғау мәселесі талқыланды

Басқосуды аталған кеңестің төрайымы Қалыйма Жантөреева ашып, жүргізді. Жиынға Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Тельман Бейсен, кеңес мүшелері Сейдулла Айкөзов, Жазира Исаева, Гүлжанат Дүйсенбаева қатысты. Кеңес отырысында «Қызқорған», «Балақорған» тарихи орындарының қазіргі жай-күйі мен мәселелері, Созақ ауданындағы мәдени ошақтарының ахуалы айтылып, мәдениет пен өнер саласында атқарылған шаралардың есебі тыңдалды.
– «Қызқорған» мен «Балақорған» ескерткіштері маңынан құрылыс үшін тақта тастарды алуды тоқтату кезек күттірмейтін проблема. Әйтпесе, бұл тарихи орындар мүлде жойылып кетуі мүмкін. Сол орындарға келетін туристерге арнап жол белгілерін орнатып, мобильді қосымшаларды енгізу керек. Бұл әрі өңір туризміне де қосылар үлес болар еді. Сонымен қатар тарихи жәдігерлер туралы мәліметтер мен қос ауданның зиялы қауым өкілдерінің пікірін топтастырып, жинақ етіп шығаруды да қолға алу қажет,–деді ол.



