ГлавноеНовости

(Қазақша) Салтанат Тұрсынбекова Алматыда зияткерлік меншікті қорғауға арналған жиын өткізді

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Алматыда ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Президенттікке кандидатпен кездесудегі негізгі әңгіме білім экономикасы: технологиялар, ноу-хау, зияткерлік меншік туралы болды.
Салтанат Тұрсынбекова Алматыны екінші күн қатарынан аралап жүр. Бірінші күні ол қала тұрғындарымен кездесіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылаған.
Алматы — қазірдің өзінде кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен сапарлаған алтыншы өңірі. Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында болған.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады.
19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button