Жаңалықтар

Түркістан: Арыста 9 айда 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Арыс қаласы бойынша 2022 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 23,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 млрд. теңгеге артып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді.

– Арыс қаласында 2022 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнім көлемі есепті кезеңде 4 млрд. 942,7 млн. теңгеге жетті. Ал негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 11 млрд. 900 млн. теңгені құрап, өсім бойынша облыс бойынша көш бастадық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17 млрд. 130,2 млн теңгені құрады. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 3 159 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты, – деді Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан өзге, Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2 млрд. 265,7 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция 1 млрд 360,3 млн. теңгені құрап отыр. Биыл қала бойынша 10 486 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Әкімнің айтуынша, 2023 жылы қала аумағында жылына 50 мың тонна мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт іске қосылады. Жобаның жалпы құны – 11 млрд теңге. Жаңа өндіріс орнында 112 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, аймақта жұмыс істеп тұрған апатты және үш ауысымды мектептер жоқ.

 Жұмыссыздық – халықтың белсенді, еңбекке жарамды  бөлігі өзі орындауға қабілетті  жұмыс таба алмайтындай кездегі  елдегі әлеуметтік – экономикалық жағдай.

       Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

       Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

       Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты  жұмысшының еркін таңдауы деп  есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс  жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан  жұмыс күшіне сұраныс төмендейді.

       Кейнстік  мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

       К. Маркстың қорлдану теориясына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

       Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны –  жасына, денсаулығына қарай еңбекке  қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық – бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

       Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс  пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан)  құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі).

       Егер  де елдің жалпы халық санынан  әлі де немесе ендігі кезде жұмыс істей алмайтындар (балалар, 16 жасқа дейінгі бозбалалар, зейнеткерлер, мүгедектер), әскер қатарында жүргендер, түрмеде мерзімін өтеп жатқандар, студенттер санын алып тастасақ, онда біз жұмыс күші санын, басқаша айтқанда, ел халқының экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігін анықтаймыз.

       Ел  халқының жұмыс үшін қажетті білімі және қабілеті бар бөлігін еңбек  ресурстары деп атаймыз. Бұл топқа  еңбекке қабілетті жастағы адамдар, сол сияқты қызмет көрсету мен  тауарлар өндірісінде жұмыс істейтін, айтылған жас мөлшерінен кіші және үлкен жандар жатқызылады.

       Егер  осы саннан жұмыс істейтіндерді  шегергенде, онда қалғандары жұмыссыздыр  санын құрайды. Бұл адамдардың жұмыс  істегісі келеді, әтсе де олар жұмыссыз қалуда. Жұмыс істемейтін және оны  іздеуге де тырыспайтындар жұмыссыздар деп есептелінбейді.

       Жұмыссыздарды тіркеумен және олар үшін жұмыс орындарын  таңдаумен арнайы мекеме – еңбек  биржасы айналысады. Мемлекет ресми  тіркелген жұмыссыздарға жәрдемақы  төлейді.

       Жұмыссыздықтың  негізгі түрлері:

       – Жасырын жұмыссыздық – өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

       – Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар  бір жұмыстан басқа жұмысқа,  бір жерден басқа жерге жұмыс  іздеумен ауысуын айтады.

       – Құрылымдық жұмыссыздық – өндірістік  қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

       – Циклдық жұмыссыздық – өндірістің  құлдырауынан туындайды.
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

       – жиынтық сұраныстың жетіспеуіне  байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық; 

       – жиынтық сұраныстың өзгеруіне  байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

 

1.1 кесте – Жұмыссыздықтың негізгі түрлері

 

       Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды  машинамен ауыстыру нәтижесінде  болады, ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді  немесе басқа мамандықты игеруді  қажет етеді.

       АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізілген зерттудің  мәліметі бойынша қазіргі шет  елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары  және олардың болуының ерекше себептері  бар екен. Батыс елдердің мамандары  жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне – жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне – жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын –жұмыссыздықты (фрикциондық,, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.

       Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ  онымен қатар жасырын жұмыссыздық  та орын ала бастады. Қазақстандағы  еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

       Құрылымдық  және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

       Толық жұмысбастылық деген мағынаның  экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

       Жұмыспен  толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

       Жұмыссыздықтың  салдары:

       1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында – өндіріс мүмкіншілігін толық  пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың  азаюына келеді. Бұл жағдайда:

       – халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

       – қазына – қор қысқарады, 

       – инвестицияға сұраныс қысқарады, 

       – өндіріс құлдырайды.

       2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық  жағдайында жұмыссыз адамдардың  біліктілігі жоғалады.

       3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда  қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

       Жұмыссыздықтың  зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП), жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді.

       Жалпы, ғылыми – техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардын дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлгаюы, тұрғындардың артүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішше қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

       Қандайда  жұмыссыздық болмасын қоғамдағы  аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу – тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің арнамысын, абырой-беделін жоғалту деп те есептеледі.

       Шетелдердегі  бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет – жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі енбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.

       Кез – келген жұмыссыздың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада  Оукен заңы қолданылады. 

    1. Жұмыссыздыктың әлеуметтік – экономикалық салдары

 

       Экономиканың  өсуi негiзiнде әлеуметтік салада дәйектi реформа
жүргiзу арқылы халықтың тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және арттыру, ең
алдымен халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн әлеуметтiк бейiмдеу; экономикалық оңалту және әлеуметтiк қолдау көрсету шаралары негiзiнде кедейлiкпен нақты күрес жүргiзу.

       Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика  жағдайына тәу-елді және мемлекеттік  деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,

       Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер  А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің  экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.

       К.Маркс  жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта  ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.

       Елдiң  тұрақты әлеуметтiк – экономикалық дамуын қамтамасыз ету
процестерiне қауiп төндiрмейтiндей көрсеткiштерге дейiн жұмыссыздық
деңгейiн төмендету. Проблеманы шешудiң қосымша факторы республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады.

       Рыноктік  қатынастар пайда бола бастаған кезде  мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі –  еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады.

       Жұмыссыздықтан  әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде  қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.

       Көбіне  жұмыссыздықтың экономикалық әсері  сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

       Кері әсерлер: 

  • крименогенді жағдайдың өршуі;
  • әлеуметтік кернеудің өршуі;
  • физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі;
  • әлеуметтік дифференцияның өсуі;
  • еңбек белсенділігінің төмеңдеуі. 

       Пайдалы әсері:

  • жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы;
  • өз бос уақытының көбеюі;
  • жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік;
  • әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы.

       Экономикалық  салдарларға тоқталып кетсек:

Кері әсерлер:

 

  • алған білімнің құндылығын жоюы;
  • өндірістің төмендеуі, жұмыссыздарға көмек шығындары;
  • квалификациясын жоғалту;
  • өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
  • ұлттық табыстың төмендеуі, салықтың аз жиналуы.

       Пайдалы әсері:

  • экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшінің резервін жасақтау;
  • еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция;
  • білімін жоғарылату үшін уақыт;
  • еңбек өнімділігі мен өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы.

       1.3 Жұмыспен қамту саясаты: мәні, бағыттары

       Жұмыспен  қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру және негiзiнен
еңбекке жарамсыз аз қамтылған азаматтарға, сондай – ақ еңбек рыногындағы
неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебiнен
кедейлiктiң ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету.
Қазақстанда әр отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек
қызметiне ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейдi.

       Жұмыссыздықтың  белгілі бір деңгейінің болуы  еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру.

       Қазақстан Республикасы Президентінің жыл  сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:

  • Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;
  • Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
  • Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.

       Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр.

       Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды, барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты.

       Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет әлеуметті қатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді.

       Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс.

       Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық  тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.

       Жұмыссыздықтан  қорғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:

  • Бірінші бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
  • Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.

       Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:

    • Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік – экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік -экономикалық  факторларға бағынышты.
    • Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына еңбекке құқығын  қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.

       Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады.

       Еңбек рыногі саясатының балсенді шараларының  басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге  жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ.

       Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда  болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылы қазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.

       2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТАЛДАУ

       2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты экономикалық проблемаларын талдау

       Егеменді  Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің  қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады.  Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік артуына байланысты.

       Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы  жұмыссыздық – еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру – өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.

       2.2.1 кесте – Қазақстан Республикасының  негізгі еңбек нарығының көрсеткіштері (2008 ж. – 2010 ж.)

2008 ж 2009 ж 2010 ж
  Экономикалық тұрғындар белсенді халық, мың адам 8415,0 8457,9 8610,7
  Жұмыспен қамтылған халық 7857,2 7903,4 8114,2
Жалдамалы қызметкерлер 5199,4 5238,8 5409,4
Өз  бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер 2657,8 2664,6 2704,8
  Жұмыссыздар 557,8 554,5 496,5
Жұмыссыздық деңгейі 6,6 6,6 5,8
Жастар  жұмыссыздығының деңгейі 7,4 6,7 5,2
Ұзақ  мерзімді жұмыссыздық деңгейі 2,8 2,5 2,2
Жұмыссыздықтың  орташа ұзақтығы, айлар 10,0 8,7 8,9
  Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық 3416,2 3500,3 3487,7

         Кестеден көріп оырғанымыздай, экономикалық тұрғындар белсенді халық саны 2008 жылы 8415,0 құарды, ал 2009 жылы – 8457,9 мың адам, 2010 жылы –

8610,7 мың адамды 2 % жоғарылады. Жұмыссыздық деңгейі 2008 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 % төмендеген. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2008 жылы 7,4 % құрады, 2009 жылы 6,7 % төмендеген, 2010 жылы 5,2 % төмендеген, сонда 2008 жылғы жағдай бойынша салыстырғанда 2010 жылғы жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,2 % азайды.

 

       2.2.2 кесте – Қазақстан Республикасының еңбек рыногының негізгі индикаторлары (2008 жыл – 2010 жыл)

15 жас  және одан асқан жастағы халық
2008ж. 2009ж. 2010ж.
Экономикалық  тұрғыдан белсенді халық, мың адам 8421,4 8469,2 8652,8
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % 71,2 70,8 71,5
Жұмыссыз  халық, мың адам 559,3 531,8 481,7
 Жұмыссыздық деңгейі, % 6,6 6,3 5,6
15-24 жастағы  жұмыссыздар, мың адам 89,8 76,6 60,1
Жастар  жұмыссыздығының деңгейі, %

(15-24 жастағы)

7,1 6,0 4,7
Ұзақ  мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % 2,7 2,3 2,1
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам 3410,5 3489,3 3447,4
Халықтың  экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, % 28,8 29,2 28,5

       Жұмыссыз  халық құрылымында 15-24 жастағы адамдар  – 18,5%, 25-29 жастағы адамдар – 21,4%, ал 30-39 жастағылар – 25,1%, 40-44 жастағылар – 10% құрайды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-24 жастағылар) 8,3% болды.

       Жұмыссыздар санынан жоғары білімі барлары – 109,1 мың адам (олардың жалпы санының 18,8%-ы), орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлары  – 146,6 мың адам (25,3%), бастауыш кәсіптік білімі барлары – 67,5 мың адам (11,7%), жалпы орта білімі барлары – 223,6 мың адам (38,6%) болды. Республикада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2008 жылы – 7,4 және 2009 жылда – 7,2 пайызды құрап, жалпы республикалық орташа көрсеткіштерден жоғары болған.

        2.2.3 кесте – Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мониторингі (2008 ж.– 2009 ж.)

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Жұмыссыздар саны, мың адам 562,4 584,7 474,4
Тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам 48,4 57,1 94,4
Жұмыссыздық деңгейі, % 6,7 6,9 5,8
Тіркелген жұмыссыздар үлесі, % 0,6 0,7 0,8
Жасырын жұмыссыздық деңгейі, % 1,7

        Бағалау бойынша  2010 жылда жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,7%-ын құрады.

     2010 жылғы жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 474,7 мың адамды. 2010 жылы ҚР-да жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайыздық тармаққа төмендеді.

       2010 жылы Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады, 2009 жылы 6,6% деңгейінде болған, делінген ҚР статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында. 2010 жылғы жұмыссыз ерлердің үлесі 43,3%, әйелдердің үлесі – 56,7% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 269,3 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 63,9 мың адамға (31,1%-ға) көп.

  2010 жылғы жұмыссыздардың жалпы санындағы  жастардың (15-24 жастағы) үлесі  11,9% немесе 56,3 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,7% болды, бұл республика бойынша тұтастай алғандағы жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен 0,8 пайыздық тармаққа аз.

     2.2.3 кесте – Қазақстан Республикасының 2010 жылда жұмыссыз халық жынысы және жасы бойынша 

Барлығы соның ішінде
мың
адам
жұмыс

сыздық  деңгейі, %

ерлер әйелдер
мың
адам
жұмыс

сыздық  деңгейі, %

мың
адам
жұмыс

сыздық  деңгейі, %

Жұмыссыздар – барлығы 474,7 5,5 205,4 4,7 269,3 6,4
 соның  ішінде жасы:
15-24 56,3 4,7 28,8 4,4 27,5 5,0
25-29 108,6 8,1 50,1 7,1 58,5 9,2
30-34 73,8 5,5 29,9 4,4 43,9 6,7
35-39 48,9 5,4 19,8 4,4 29,1 6,4
40-44 46,7 4,7 18,6 3,9 28,1 5,5
45-49 52,2 5,0 21,4 4,2 30,8 5,8
50-54 47,0 4,8 18,4 3,9 28,6 5,7
55-59 30,3 5,5 11,6 4,5 18,7 6,3
60-64 10,9 5,1 6,8 4,7 4,1 5,8

     Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар  – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар – 26,0% (123,2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың  үлес салмағы 23,3%-ын (110,7 мың адам)  құрады. 2010 жылдың соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы  кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% болды. 2010 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 2009 жылдан 2,7%-ға көп. Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады.

       2.2 Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік реттеуін талдау

       Жұмыспен  қамтудың белсенді саясатын жүргізу  Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады.  Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуметін дамыту және  іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

       Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған  халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі  2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 % төмендеді.

       Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын  сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 – 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.

       Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі  индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан – еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.

       2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуінің алдын алуға, жұмыспен нәтижелі қамтудың артуына жәрдемдесуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы  № 1114 қаулысымен бекітілген болатын.

       Алайда  әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың  әсерімен 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсенді халықтың 6,6 %).

       Жұмыссыздықтың  өсуі, қызметкерлердің одан әрі босатылуы  әсіресе өндірістің экспортқа бағытталған  салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупі орын алды.

       Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының  Үкіметі жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзірледі.

       Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудің белсенді нысандарын (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) кеңінен қолдану нысаналы топтар құрамындағы адамдардың белсенділігін арттыруға ықпал етті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,7 %) алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен көрсеткіште белгіленді.

       Жол картасының негізгі нәтижелері: шамамен 9 мың жоба іске асырылды;  392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жіберілді, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды;  192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберіндегі жұмыс орындарына орналастырылды.

       Дағдарыс  жағдайында іске асырылған халықты  жұмыспен қамтудың қысқа мерзімді стратегиясы  – Жол картасы жұмыссыздық  деңгейінің өсуіне жол бермеуімен қатар, оның деңгейінің 2009 жылғы екінші тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 % көрсеткішке дейін төмендеуіне қол жеткізуге  мүмкіндік берді.

       Жұмыспен  қамтудың өсуі халық табысының артуы  мен кедейлік деңгейінің төмендеуіне  негіз болды. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылы 18,2 %-ға және 2010 жылы 6,9 %-ға азайды.

       Алайда  оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек  нарығында теңгерімсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай  отыр, экономика салаларының мамандарға  деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің тапшылығы  байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.

       Жұмыспен  қамтылған халық құрылымында  өз бетінше жұмыспен айналысатын  адамдардың үлесі – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргізумен айналысады, одан түсетін табыс тіршілік етуге жеткілікті деңгейде ғана болады.Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.

       Ауыл  жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға  қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып  табылады.

       Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тікелей салдары кедейліктің сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз.  

       Табысы  аз адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесінде  жұмыспен қамтуға және табыс табуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жеткілікті қолданылмайды.

 

 

       3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ

       Бүкіл әлемнің ең өткір проблемаларынан біріне айналып отырған жұмыссыздықпен күрес мәселесі әлемнің әр шалғайындағы саясаткерлерді, ғалымдарды, адамзаттың алдыңғы қатарлы өкілдерін қатты толғандыруда. Қазіргі күні жаһандық проблемаға айналып отырған бұл дертпен ұйымдасып күресу мақсатында бірқатар халықаралық ұйымдар жұмыс істеп келеді. Міне, осы әлем бойынша еңбекпен қамту, жұмыссыздықпен күрес мәселелерімен шұғылданатын халықаралық ең беделді ұйым 2010 жылғы өзінің қорытынды есебінде аталған проблеманың барған сайын белең ала түскендігін атап көрсетті.

       ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың зардабын тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен салыстырғанда жұмыссыздар қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді.

       ХЕҰ болжамы бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3 миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі.

       Сөйтіп, қазіргі күндері бүкіл әлем бойынша  алғанда Қазақстан өз ішіндегі жұмыссыздықты  ауыздықтай алған санаулы елдердің арасынан бой көрсетіп отыр. Бұл  әрине, үлкен жақсылық. Елбасының  еліміздегі халықтың әлеуметтік проблемаларын белсенді түрде шешу, әлемді кернеген дағдарыспен күресу жөнінде Үкіметке берген тапсырмаларының сәтті орындала бастағандығының бір көрінісі.

       Оның үстіне үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстанда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың тұрмыс деңгейі мен табысын арттыру болып табылады.

       Жұмыссыздықпен күрестің әлемдік әдістері. Әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен қамту ісін басқарудың әртүрлі модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік ерекшеліктері аз емес.

       Жұмыспен қамтудың әлемдік ағымдары. Өнеркәсіптік өндірістегі еңбекті автоматтандыру ісінің дамуына байланысты енді зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін адамдардың орнын түрлі автоматты құрал-жабдықтар баса бастады. Сөйтіп, капитализмнің қазіргі соңғы сатыларында жұмыс күштерінің қызмет көрсету салаларына қарай ойысқандығы анық сезіліп отыр. Қазіргі күні өнеркәсіптік дамыған елдерде халықтың 60 пайызы қызмет көрсету салаларында еңбек етуде. Ал өнеркәсіптік кәсіпорындардан біліктілік қабілеті төмен адамдар барған сайын ығыстырылып шығарылу үстінде.

       Осы жағдай ендігі кезекте жұмыс күштерінің бәсекелестік қабілетін барынша  арттыра түсуді қажет ете бастады. Кімнің білімі жоғары, жұмысқа біліктілігі артық болса, сол адам ғана өз өміріне лайық тиянақты және тұрақты жұмыс орнында еңбек ете алатын болады. Егер 90-шы жылдардың басында бастауыш білімі ғана бар адамдардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 10,9 пайызды құраса, орта білімге толықтай қол жеткізе алмағандардың арасында ол 8,4 пайызды, толық орта білімділердің арасында 5,7 пайызды, ал жоғары білімділер арасында 3,9 пайызды құраған. Демек, қазіргі күні кімнің білімі төмен – сол адам жұмыссыздық жағдайына жиі түсетін болады.

       Елімізде  қабылданып отырған «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасында осы жұмыссыздық мәселесі қатты ескерілді. Бағдарламаның негізгі мақсатының өзі жұмыссыз халықты қайта оқыту арқылы даярлықтан өткізуді, оларды еңбек рыногында қалыптасып отырған жаңа жағдайларға бейімдеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жұмыс іздеуші адам тиісті мемлекеттік органға хабарласқан жағдайда, ол жұмыссыз ретінде тіркеліп қана қоймай, сонымен қатар, мемлекетпен тиісті келісім-шарт жасасады.

Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту бағыттары. Елімізде қазіргі күні халықты табысы жақсы тұрақты жұмыс орнымен қамту ісі жан-жақты бағыт бойынша өріс алып келе жатыр деп айта аламыз.

       Соның үлкен көздерінің бірі – 2011-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарламаның  негізінде өткен жылы елімізде 152 жаңа жоба іске қосылды. Жұмыссыз халықтың біраз бөлігі осы жаңа жұмыс орындарына қарай бағытталатын болады. Ал оларды бағыттау тетіктері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында нақты айқындалған. Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі.

       Бағдарламаны жүзеге асыру басталатын 2011 жыл – қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы бағдарламаны іске асырудың тетіктері нақтыланып, олар құқықтық тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі.

       Екінші кезең 2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәрменді сипатқа ие болуы тиіс.

       Қазіргі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Осы бойынша бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері айқындалды. Ол міндеттер әлеуметтік келісім-шарттар жасасу арқылы бекітіледі. Көп ұзамай Индустрияландыру картасындағы жобалар мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы шаралар негізінде пайда болған және жаңадан құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істей бастайды.

       Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.

       Бағдарламаға  қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.

       Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

  • кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тегін жолдамалар беріледі және оқу орнына жеткенге дейінгі жолақы шығындары субсидияланады;
  • лайықты бос жұмыс орындары іздестіріледі және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдем көрсетіледі;
  • жұмысқа психологиялық бейімдеу шаралары ұйымдастырылады.

       Егер  бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды  аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.

       Екінші бағыттың мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.

       Осы бағыт бойынша бағдарламаға қатысушыға консультациялық қызмет көрсету, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, шағын несие беру, жетіспейтін инженерлік -коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру секілді мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі.

       Қазақстан әлемді шарлаған дағдарыс салдарын еңсеру бағытында жүргізген түрлі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық шаралардың нәтижесінде бұл қиындықтан едәуір серпіліспен шықты. Осы қиын кезеңнің өзінде халықтың жұмыспен қамтылуын төмендетпей, қайта оның деңгейін жақсарта түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button