Новости

(Қазақша) Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жастарымен кездесті

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің 150-ден астам белсенді жастарымен кездесті. Еркін форматта пікірлесті. Олардың ойын тыңдап, ұсыныстарын тыңдады. Ақыл — кеңес берді. Жастарға сенім артатынын айтқан облыс әкімі игі істердің басында жүрген ұл-қыздарға алғыс білдірді.
Өңірдегі жастар саясатына үлес қосуға шақырды.

— Бүгінгі кездесуде өзекті мәселелер мен тың идеяларыңызды ортаға салуға шақырамын. Жастар арасындағы проблеманы сіздерден артық ешкім білмейді. Мәселелер айтылып, шешу жолдарын талқылайық. Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сіздер болашақтың жас құрылысшысы екендеріңізді еш уақытта естен шығармауларыңыз керек. Барымызды бағалайық. Білім алыңыздар, еңбек етіңіздер, аға буынның ақылына құлақ асыңыздар, үздіксіз ізденісте болыңыздар. Жеке кәсіп ашуға құмар жастар қатары артып келеді. Жалынды жас үшін асу асып, өткелдерден өту қиын емес. Ең бастысы, биік мақсат, мәртебелі мүдде болу керек,- деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Еркін форматта өткен кездесу екі сағатқа созылды. Көп мәселенің күрмеуі шешілді. Жастар өңір басшысына түрлі сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Жұмыспен қамту, қолжетімді баспана мәселесін көтерді. Білімді жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау, қоршаған ортаны қорғау жайлы айтылды. Облыс әкімі жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс істелетіндігін жеткізді. Мұндай кездесулер жалғасын табады.

Түркістан қаласында облыстық жастар ресурстық орталығының ғимараты орналасқан. Орталықты аралап көрген
облыс әкімі Дархан Сатыбалды 17 аудан, қала бойынша Жастар ресурстық орталығы басшыларымен танысты. Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерасыл Төлебаев атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Түркістан өңірінде 470 мыңнан аса жас бар. Бұл — республика жастарының 13%-ы. Облыс халқының төрттен бірін құрайтын жастардың 80%-дан астамы ауылда тұрады. Олардың арасында еріктілер де баршылық. Қоғамдық жұмыстарға араласып, түрлі бағытта, түрлі жағдайларда халыққа қызмет көрсетуде.

Кездесу соңында облыс әкімі белсенді жастармен бірге ағаш отырғызды.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Бұл ретте Аmanat партиясының қызметін трансформациялау үрдісі оның «Жастар рухы» ұйымында да лайықты жалғасын тауып жатыр.

Жастар – кең мағынада жас ерекшелігіне қарай және соған байланысты қызметтің басты түрлері негізінде құрылған топталған қауымдастықтардың ауқымды жиынтығы. Анағұрлым тар, әлеуметтанулық, мағынада жастар − жас адамдардың жасына қарай анықталған әлеуметтік жағдай ерекшелігі, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, өзіне тән мүдделері мен құндылықтары негізінде дараланатын әлеуметтік-демографиялық топ. Жастар – әлеуметтену сатыларынан өтетін, жалпы білім беру және кәсіби қызметті, қабылдау және орындау үшін қоғам тарапынан дайындалатын есті адамның әлеуметтік рөлін игеретін адамдар ұрпағы.

Жастық шақ, балалық, жас өскін, есейген шақ тәріздес, – бұл әрі жас кезеңі, әрі тұлғаның даму сатысы, әрі нақты айқындалған әлеуметтік статус.

Басқа әлеуметтік-демографиялық топтармен сәйкестіргенде жастар, қай жақтан алса да, тұтастық, қауымдастық ретінде айқындалады. Сондай-ақ оның ішкі құрылымдық жіктеулері (дифференциация) де бар. Мұндай жіктеудің үш түрі беріледі:

— стратификациялық, әрбір қауымдастықта, топта, класта белгілі бір жастар табын, ортасын айқындағанда (ауыл жастары, жас инженерлер, жас кәсіпкерлер, жұмысшы жастар және т.б.), немесе жас ұрпақ аясында белгілі бір топтарды ерекшелеу;

— жас ерекшелігі, тұтастай әлеуметтену мен даралану процесі белгілі бір уақыт кезеңдеріне және оларға сәйкес жастар ішіндегі жас топтарына ажыратылғанда;

— субкультуралық, жіктеудің өлшемі ретінде өмір сүру тәсілі мен үлгісіне, құндылықтық бағыт-бағдары мен ұстанымдарына қарай белгілі бір жастар тобының ерекшелігі мен айырмашылығын көрсеткенде.

Сонымен, жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзінің құрамы жағынан біртекті емес: олар жасына, жынысына, қызмет түрлеріне (білім алушылар, жұмыс істеушілер), тұрғылықты жеріне (қалалық, ауылдық) және б. қарай әр түрлі таптарға бөлінеді. Бірақ жастардың жіктелуін тым абсолюттендіру қажет емес. Жастардың басым бөлігі оны тұрғындардың өзге топтарынан ұтымды түрде ерекшелендіретін жұмылыс деңгейі, зияткерлік белсенділігі мен денсаулығы жағынан айрықша қасиетке ие. Сонымен қатар кез келген қоғамның алдында жас адамдарды әлеуметтендірудегі және оларды тұтас экономикалық, саяси және социомәдени кеңістікке біріктірудегі елдің шығындары мен жоғалтқандарын шамалау (минимизация) қажеттілігі мәселесі тұр. Неміс социологы Карл Манхеймнің анықтауы бойынша, өзгермелі немесе жаңа сапалы жағдайларға бейімделу үшін мұндай жанданулар қажет болған кезде жастар үнемі алдыңғы қатарда жүретін өзіндік бір резерв болады. Динамикалық қоғамда ерте ме әлде кеш пе оларды жұмылдыру, тіпті ұйымдастыру қажет (дәстүрлі қоғамда жұмылдырылмайтын және біріктірілмейтін, көбінесе тұмшаланатын ресурстар).

Жастар жас шамасымен ерекшеленетін айрықша әлеуметтік топ ретінде мәдениет құндылықтарын әр уақытта өзінше қабылдап, түрлі кезеңдерде жастар сленгісін және субмәдениеттің кереметтей үлгілерін тудырып отырады. Олардың өкілдері қатарында хиппилер, битниктер, стилягалар болды, ал КСРО және постсоветтік кеңістікте – неформалдар. Жастар, Манхеймнің пікірі бойынша, өз табиғатына қарай прогрессивті де емес, консервативті де емес, ол – кез келген бастамаларға дайын тұратын қарым (потенция), сондықтан біз мемлекеттік жастар саясаты тиімді және осындай қиын сәттерде жастарға көмек бере алатын болуға тиіс екенін айрықша көрсетпекпіз.

Жаңа идеяларды қабылдауға бейімділігіне және әлеуметтікдемографиялық топ ретінде ерекше сипатына байланысты жастар дәстүрлі емес діни ұйымдар қызметінің басты көздеген нысанасы болып отыр.

Қазақстандағы жастардың жалпы саны 2008 ж. 1 қаңтарда 4,5 млн-ға жуық адамды құрап отыр, бұл есеп бойынша қазақстандық қоғамның құрылымында жас азаматтар ҚР халықтарының жалпы санының 27,8%-ын құрайды. ҚР статистика агенттілігінің мәліметіне сәйкес жұмыссыздар арасында жастар үлесі (15-24 жас аралығында) 18,5%-ды құрайды. Біз жұмыссыз жастардың пайыздық үлесі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты артып отыр деп ойлаймыз.

Жастар құрылымында студенттік жастардың үлесі аз емес. Студенттік жастар − бұл білім алған соң ертеңгі күні экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, білім салаларында ұстанымға (позиция) ие болатын жастар табы, сондықтан ол белгілі бір дәрежеде көптеген тоталитарлық және деструктивті дәстүрлі емес діни ұйымдардың басты нысанасы болады.

«Қазақстан Республикасындағы жастар ортасында дәстүрлі емес діни ұйымдардың таралуы» тақырыбында ғылыми жобаны орындаушылар тарапынан «Жастар және Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер» атты социологиялық зерттеу жүргізілді. Сауалға Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петроапавл, Семей және Ақтөбе қалаларында 1495 адам қатысты. Зерттеушілер социологиялық сауалға еліміздің барлық төрт аймағын қамтуға тырысты.

Зерттеу студенттердің 83,3% өздерін дінге сенушілер қатарына қосатындығын, күмәнданушылар мен дінін анықтамағандар – 7,3%, сенбейтіндер мен атеистар – 7,6% құрайтындығын анықтады. Сенушілердің ішінен 75,1% ислам дінін ұстанушылар, бұл жерде респонденттердің 75,4% қазақтарды құрайды; 14,8% респондент православтық сенімді ұстанушылар, бұл жерде сауалға қатысқандардың ішінде орыстар 17,4%. құрайды. 0,5% респондент өзінің діни сенімі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.

Қазақстанда шоғырлынған және таралып жатқан жаңа діни ұйымдарға өздерінің оң көзқарасын респонденттердің 7,9% білдірді; 2,1% дәстүрлі емес діни ұйымдарға кіргенін көрсетті. Респонденттердің 9,5% оларға деген өздерінің немқұрайлылығын білдірді, егер 20,0% дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдар туралы еміс-еміс естіген болса, бейтараптылық танытқандардың жалпы саны 29,5% құрайды; 27,5% дәстүрлі емес діндерді адам және қоғам 12 үшін қауіпті деп көрсетсе, сауал бергендердің 28,5% «барлық діндер қауіпті» деген жауап берді; 3,7% жауап беруге қиналса, 0,3% исламнан өзге ешқандай дінді мойындамайтынын білдірді. Біздің көзқарасымыз бойынша, респонденттердің үштен бір бөлігі білдірген дәстүрлі емес діндердің адам және қоғам үшін қауіптілігі туралы пікірі, сондай-ақ «барлық діндер қауіпті» деген жауап Сайентология Шіркеуі мен Кришна Санасының Қоғамы төңірегінде болған аты шулы оқиғалармен және кез келген дінді, соның ішінде дәстүрлі діндер – ислам мен праославиені, түбегейлендіру (радикализация) қауіптілігін түсінумен байланысты.

Жастардың Қазақстан үшін ең тиімді діни жағдайға қатысты, атап айтқанда, «барлық діндер еш шектеусіз тең құқыққа ие болуға тиіс пе, немесе дәстүрлі діндер ғана басыңқы орында болуы тиіс пе» және «мемлекет дінаралық төзімсіздікті насихаттайтын ілімдерге тосқауыл қоюға тиіс пе» деген сауалға қатысты көзқарасы былайша бөлінді: респонденттердің 9,0% Қазақстан жерінде еш шектеусіз барлық діндер, дәстүрлі діндермен қатар жаңа діндер де, тең құқыққа ие болуға және толыққанды еркін дамуға тиісті деп санайды; 29,4% — барлық діндер, дәстүрлі діндермен қатар жаңа діндер де, тең құқыққа ие болуға тиіс, бірақ мемлекет зорлықты, дінаралық төзімсіздікті насихаттайтын діни ілімдерге тосқауыл қоюға тиіс; 32,5% — Қазақстанда дәстүрлі діндер − ислам мен христианшылдық басты орынға қойылып, дәстүрлі емес діндердің таратылуына жол бермеу керек; Қазақстан тек бір ғана дінді басты орынға қойған ел болуға тиіс – 20,0% (оның ішінде исламды – 96,7%, христианшылдықты – 3,3% көрсетті); жауап беруге қиналғандар – 8,4%; немқұрайлылық білдіргендер – 0,3%; адамға дін қажет емес деген пікірді 0,3% білдірді.

Социологиялық зерттеу көрсеткендей, жастар дәстүрлі емес діни ұйымдардың қызметі мен ғибадаттар туралы аз ақпараттанған, бұл олардың тоталитарлық және деструктивті діни ұйымдар мен ғибадаттарға кіру қаупін тудырады, әсіресе жас адамдардың сыни ойлау деңгейінің төмен болуы мұндай қауіптің артуына ықпал етіп отыр. Жастардың 60% − 75% харизмалық бағыттағы жаңа діни ұйымдар туралы мүлдем естімеген болса, сауалға қатысқандардың 18,1% – 23,7% белгілі бір жаңа діни ұйым туралы ақпараттанғандығы жайлы сұраққа жауап беруге қиналғанын білдірді. Әсіресе, жастардың сыни ойлау деңгейінің төмендігін келтірілген мына мәліметтер айғақтайды: «Діни ұйымға кіруге шешім қабылдаған сәтте Сіз қандай ақпарат деректеріне сүйендіңіз» деген сұраққа респонденттердің 30,2% белгілі бір ұйымның әдебиетімен таныстым деп жауап берді; 19,0% — өз таныстарының айтқандары бойынша шешім қабылдаса, 30,2% — белгілі бір діни ұйымның мүшелерінің айтқандарына сүйенген, 11,1% жауап беруге қиналған. Ақпаратты 7,9% БАҚ арқылы алғанын көрсетсе, ал «ешқайсынан емес» деп 1,6% жауап берген.

Тәжірибе көрсеткендей, белгілі бір діни ұйым туралы айтқандардың, оладың іс-шараларына қатысуға шақырған «таныстардың» өздері сол діни ұйымдардың мүшелері болған. Сондықтан 49,2%-ға сәйкес респонденттердің 13 жалпы үлесі дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымға кіруге шешім қабылдаған сәтте өз таныстарының, сол ұйым мүшелерінің пікіріне жүгінген. Ал, егерде 30,2% белгілі бір діни ұйымның әдебиетімен танысқандығын ескерсек, онда жастардың сыни ойлау деңгейінің төмендігі туралы қорытындымыз дәлелденіп отыр. «Ешқайсынан емес» деген жауап, ең алдымен, жастардың өздері қалай дәстүрлі емес діни ұйымдардың мүшесі болғанын түсінбегенін білдіреді. Бұл жерде респонденттердің 42,9% дәстүрлі емес ағымдағы діни ұйымдарға кіру жөніндегі шешімді ұзақ толғаныстан және талдау жасағаннан кейін ғана қабылдаған; 17,5% шешімді діни топтар мүшелерінің өз ілімдеріне сендіруінің нәтижесінде қабылдағанын мойындайды; 20,6% өмірдегі қиын жағдайларды атап өткен (7,9% — жанның терең күйзелісі; 3,2% — ауруға шалдығуы; 9,5% — өмірдің қиын жағдайлары (жұмыссыздық, қаржылық қиындықтар, баспана мәселесі); 12,7%. – жауап беруге қиналғандар.

Социологиялық зерттеудің нәтижелері дәстүрлі емес діни ұйымдар мүшелерінің белсенділігін көрсетіп отыр. Респонденттердің 50,6% діни ұйымдардың мүшелерімен көшеде, 1,7% — кафеде кездескен, ал 16,1% олардың үйге келгендігін көрсетіп отыр. Бұл өз алдына жобаны құрастырушылардың пайымдауын нақты айғақтайды: жаңа діни ұйымдар мүшелерінің белсенді қызметі жастарды өздеріне қаратудың негізгі факторларының бірі екені анық.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер мен «Жастар және Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер» тақырыбындағы социологиялық зерттеудің ғылымианалитикалық есебінде жарияланған басқа көрсеткіштер, зерттеушілер тарапынан жасалған қорытындылар мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында төмендегідей практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button