БастыЖаңалықтар

Балқашта қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Балқашта қоғамдық көлік жүргізушілер қалалық бюджеттен қосымша субсидия бөлуді талап етіп, ереуілге шықты, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі «Вечерняя Караганда» басылымының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартқан. Салдарынан қалада көпшілік жұмыс орындарына жете алмай, оқушылар сабақтарына кешіккен.

Қала әкімдігі кейіннен ереуілдің басылғанын және алдағы уақытта қоғамдық көлікпен жүру ақысының өспейтінін мәлімдеді.

«Қала әкімі автопарк қызметкерлерімен кеңес өткізді. Бұл мәселе реттелді. Автобустар іске кірісті», – делінген хабарламада.

Алайда, басылым мәліметінше тұрғындардан қоғамдық көлік тапшылығына байланысты шағымдар әлі де түсіп жатыр екен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button