БастыЖаңалықтар

Алматыдағы “барахолкадан” өрт шықты

Алматыда барахолка базарларының бірінде тағы өрт шықты, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7 Б мекенжайына өрт сөндіруге барған.

“Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өртсөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды”, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button