Новости

(Қазақша) Түркістан: Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын дамыту жобасының қорытынды конференциясы өтті

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Бүгін Түркістан облысы бойынша жергілікті жерлердегі ақпараттық-ресурстық орталықтары мен Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын дамыту жобасының қорытынды конференциясы өтті.

«Береке» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, «Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» ЗТҚ Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Шәріпбек Жамалбек қатысып, сөз сөйледі.

Аудандық ҮЕҰ және ақпараттық ресурстық орталықтардың ағымдағы жылы атқарған жұмыстары, жетістіктері, даму перспективаларын талқылау үшін бас қосқан конференцияда «Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» ЗТҚ президенті Инара Намазбаева «Түркістан облысының азаматтық қоғамды дамыту стратегиясы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Жоба менеджері Әсет Кождан «Адам құқықтарының фокусы: әйелдер мен балалар» жобасы – Білім алмасу платформасын пайдалану мүмкіндігі» тақырыбында сөз қозғады. Спикерлер TedX форматында «Кіші қалалардағы үлкен тарихтар» тақырыбында пікір алмасты.

Шара соңында «Үздік ақпараттық ресурс орталығы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button