ГлавноеНовости

(Қазақша) Түркістанда ÓzgeEpic кеңістігі ашылды

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Түркістанда ÓzgeEpic creative hub филиалы ашылды, деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Өнер кеңістігінің ашылу салтанатында фотожурналист Әйгерім Бегімбет, журналист Жанерке Хұмар, фотограф-дизайнер Шыңғыс Әбдіразақтың «Түркістан әйелдері» мен «Тіршілік» атты фотокөрмесі өтті. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

ÓzgeEpic creative hub қабырғасында бүгіннен бастап, музыка, театр, дизайн, анимация, фотоөнер, көрме, жәрмеңке, айтыс, стенд ап, драматургия бағытындағы сан алуан жобалар жүзеге асырылмақ. Бұған қоса, балалар театры құрылып, дизайн және фотоөнер курстары ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ÓzgeEpic заманауи өнер кеңістігі 2019 жылы Алматы қаласында құрылды. Кеңістік қызметінің негізгі бағыттары – кино, анимация, креативті білім, музыка, театр, медиа, көрме және IT.

ÓzgeEpic ұжымы құрылған сәттен бастап бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде алғашқы Қазақстандық стриминг сервисі, 3 халықаралық анимациялық фестиваль, 20-дан астам LIVE концерт, 30 спектакль, 15 әдеби кеш және т. б.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button