Новости

(Қазақша) Алдағы сайлау әділ әрі ашық болуы керек

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Күні кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Демократияның бірден-бір көрсеткіші — ашық және әділ сайлау. Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы мәлімдеме жасады. Аталмыш Мәжіліс және мәслихат сайлауы ағымдағы жылдың наурыз айының 19 жұлдызында өтеді.

Кезектен тыс парламенттік сайлауды жариялау Мемлекет басшысының мемлекеттік жүйені институционалдық жаңғыртуға бағытталған дәйекті саясатын көрсетеді. Барлық негізгі саяси институттардың жаңаруы қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатын сапалы түрде өзгертетін шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

– Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейтінін атап өткен болатын. Мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы деп білемін. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатқаны айдан анық.

Енгізіліп жатқан аралас сайлау жүйесі шеңберінде бір мандатты округтер бойынша сайлау елдегі саяси мәдениетті көтерудің маңызды факторына және жергілікті жерлерде азаматтардың мүдделерін айқындаудың қуатты құралына айналады.

Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді деп сенемін. Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, осы алдағы өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын.

Қаныбек АСЫЛБЕКОВ, Төлеби аудандық мәдениет үйі жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button