Новости

(Қазақша) Жаңа жүйеде жаңашылдық бар

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Әділдік салтанат құрса, тың бетбұрыстың бастауында тұрмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтатып, кезектен тыс сайлау күнін 2023 жылғы 19 наурызға белгіледі. Осылайша Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтетін болды. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін өзі ұсыну мерзімі 2023 жылғы 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін жалғасатынын да айта кеткен жөн.

Ел Президенті өз мәлімдемесінде Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланатынын айтты.

«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді»,-деді.

Сонымен қатар, жаңа жүйе сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағаның енгізілуі де өте маңызды қадам болды. Сондай-ақ, сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға басқа да тың өзгерістер енгізілуі, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілуі, сайып келгенде саяси бәсекені күшейтеді, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Әсіресе, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс беруі, жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылуы, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болып отыр. Ең бастысы — саяси науқанның әділ өтуіне баса назар салуымыз керек. Егер әділдік салтанат құрса тәуелсіз еліміз тың бетбұрыстың бастауында тұр деп нық сеніммен айта аламыз.

Қорыта айтқанда, еліміздің жарқын болашағы жолындағы саяси науқанда белсенділік таныту — әрбіріміздің азаматтық борышымыз!

Мәлік ДӘУЛЕТОВ,
«Түркістан Медиа» ЖШС директоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button