БастыЖаңалықтар

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияға қонды

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

“Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтіледі”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар екені айтылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button