БастыЖаңалықтар

Қарағандыда баланың шашынан тартып, күш көрсеткен балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды

Қарағандыда бүлдіршіннің шашынан тартқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды. Бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова “Арман” балабақшасының қызметкері жұмыстан босатылғанын хабарлады. Ол жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижелерін айтты.

“Тәрбиешінің көмекшісі Қазақстанның Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылды. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша онымен еңбек шарты бұзылды. Балаларға қатысты физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді. Кез келген дөрекілік пен педагогикалық әдепті бұзу жұмыстан босатылғанға дейін заң шеңберінде қаралады”, – деп атап өтті Қожахметова.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымның директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылғаны белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button