Новости

(Қазақша) Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа тарихи қадам

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Былтырғы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі алуан түрлі оқиғалар мемлекет дамуының жаңа бағыт, жаңа арнаға қарай бет түзуіне себеп болды. Мемлекет басшысы өткен жылы 16 наурыз күні «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Бүгін осы Жолдауға 1 жыл толып отыр.

Осы Жолдауда тың әрі ірі экономикалық және саяси реформалар іске асатыны айтылған болатын. Атап айтқанда, Президенттік өкілеттілігін қысқарту, өкілді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту, құқық қорғау институттарын күшейту, БАҚ-тың бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру сынды тың бастамалар көтерілді.

Бүгінде еліміз жаңа саяси кезеңнің алдында тұр. Бұл бағыттағы маңызды қадам Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болмақ. Әділетті Қазақстанға жаңа сайлау жүйесі міндетті түрде қажет және бұл өте орынды. Өйткені ол тікелей ел болашағы мен сындарлы саяси шешімдердің қабылдануына әсер ететін факторға айналды. Мұны Президент өз Жолдауында айтып, сайлаудың мақсаты мен міндетін, бұған қоса өткізу уақыты мен жүйесін айқындап берген еді. Мемлекет басшысы елде аралас сайлау жүйесін енгізуді құп көріп, пропорционалды және мажоритарлық сайлау жүйесін бірге қолдануды ұсынды.

Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерге байланысты ел президенті өзінің өкілеттігін атқару кезінде партияға мүшелігін тоқтатты. Бұдан былай президент 7 жылға және бір рет қана сайлануға құқық берілді. Суперпрезиденттік жүйеден арылып, парламенттің құзыреті нығая түспек.

Бұдан өзге, саяси партияларды тіркеу жеңілдеді. Мәселен, бұған дейін партияны тіркеу шегі 20 мың адам болса, қазір 5 мың адамға азайды. Сондай-ақ, биылдан бастап мәжіліске депутаттар 70 пайыз партиялық тізіммен енсе, 30 пайыз мажоритарлық тәсілмен сайланып жатыр. Ал мәслихатқа депутаттар 50 пайыз партиялық тізіммен, 50 пайыз мажоритарлық жолмен енгелі отыр. Ал аудан-қала мәслихаттарына 100 пайыз мажоритарлық тәсілмен сайлауға түсуде. Бұл да сайлау жүйесіндегі елеулі өзгеріс деп білемін. Жаңа қадамға толы тың саяси әрі экономикалық реформалар әлі де алдағы уақытта жүзеге аса бермек.

Сейдалы ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ,

Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button