Новости

(Қазақша) Түркістан: Бір сағатта үш мыңнан астам адам таңдау жасап үлгерді

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні.

Түркістан қаласында 62 сайлау учаскесі жұмысын бастап, таңғы 07:00-ден сайлаушыларды қабылдауда.

Комиссияның мәлімдеуінше, алғашқы сағатта 3000-нан астам түркістандық өз таңдауын жасап үлгерген.

Жалпы Түркістан қаласында дауыс беру құқығына ие 121 405 тұрғын бар.

Алғашқы дауыс беруші белсенді азаматтарға сайлау учаскелерінде сый-сияпат жасалып, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button