Новости

(Қазақша) ЕЛІМІЗДЕГІ АЛЫП ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

 

Түркістан облысының Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің капсуласы қаланды. 500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжайлар жобасы «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен жүзеге аспақ. Оның ішінде алдымен көлемі 51 гектардан астам жылыжай салынады. Жоба толық жүзеге асқанда 8 мыңнан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Жаңа жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 524 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл ретте, 1-кезең бойынша 51,6 млрд. теңге тартылып, 25 млрд. теңгеге 27 га жылыжай салу жоспарлануда. Ол жерде жылына 225 мың тонна қызанақ өсіру межеленген. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров, «KazakhInvest» АҚ-ның Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «ЭКО-культура» агрөнеркәсіптік холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Рудаков қатысты. Облыс әкімі бұл жобаның аса маңызды екенін, өңірде агроөнеркәсіп кластері дамитынын жеткізді.

Ресейлік «ЭКО-культура» агрөнеркәсіптік холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Рудаков жиында жобаның маңыздылығына тоқталды. Бұл әріптестік агросаланы дамытуға серпін беретінін атап айтқан ол, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен, жоғары жалақымен қамтуға асталысатындарын мәлім етті.

Жобаның бірінші кезеңінің құрылысы 2024 жылы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған. Бұл ретте, 1000 жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Ал, жоба толықтай 2027 жылы жүзеге асырылмақ. Жылыжай мегакешенінің жобасы серіктес «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясының көмегі арқылы жүзеге асатын болады. Заманауи жылыжай кешендері жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button