Спорт

ШЫМКЕНТТІК ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Волейболдан әйелдер арасында шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды! Қазақстан чемпионаты орал қаласында өз мәресіне жетті.

Соңғы кездері мегаполис қаланың ойын түрлері бойынша спортшылары мықтылықтарын көрсете бастады. Орал қаласында аяқталған жарыста “Шымкент “ойын түрлерінен спорт клубы” “Шымкент”командасы жеңіске жетіп ел чемпионы атанды. II-орынға Жамбыл облысының “Тараз”командасы қол жеткізді. ІІІ -орынға алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы жайғасты. Оралдағы шешуші ойында “Шымкент”командасы мен Тараз қаласының “Тараз”командасы өз ара шеберлік байқасты.Екі команда да барын ортаға салды.Әйтседе Шымқаланың арулары ойын барысында асқан басымдыққа ие болды. Бұл туралы құрама команданың бас бапкері Бәйдібек волейбол мектебінен тәрбиеленіп шыққан Дидар Әбдіғаппар атап өтті. Білікті жас маман Дидар Ұланқызы қыздарымызды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр.

Шымкент командасы сапында шабуылға шыққан Калинова Евгения мен Аяпова Саиданың соққылары әрдайым алаңның ортасынан табылып жатты. Екінші аймақтан шабуылдаған Береснева Радмиланың жойқын соққыларын қорғаушылар қайтара алмады. Қорғаныста әр допқа қырағылық танытқан Қалдыбекова Құндызай мен Ағынаева Балжан көп ұпай алып команданы жеңіске жетеледі.Осылай Клуб тарихында волейболшыларымыз жоғары лига бәсекелерінде 2-ші рет чемпиондық тұғырға көрінді.Ендігі мақсат Ұлттық лигада қаламыздың намысын лайықты қорғау. Осы команданы жеңістің биік тұғырына алып шыққан Нұрсұлтан Жанжігітов басқаратын “Шымкент ойын түрлерінен спорт клубының” ұжымының бапкерлерінің еңбегі. Шымкенттік волейболшы қыздардың алтын медалі құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button