Новости

(Қазақша) ҰСТАЗДАР ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҮЙРЕНДІ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Шымкенттік ұстаздар сабақ өтуде креативті әдіс-тәсілдерді қолданады. Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта мектебінде тың тақырыпта қалалық семинар өтті. Онда мұғалімдер оқушыны қызықтыратын заманауи инновациялық технологияларды үйренді. Елуге жуық педагог қатысқан жиыннан сюжет көріңіз.

«Сапала білім» жобасын іске асыруды — негізгі мақсат еткен семинар концерттік бағдарламамен басталды. Ал шараның міндеті — педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру дейді, — мектеп басшысы.

Семинарға Білім басқармасы Әдістемелік орталығының мамандары мен 10 мектептен 50-ге жуық мұғалім қатысып жатыр. Олар мұнда үйренген үздік сабақ беру әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларды болашақта өз мектептерінде енгізбек. Солардың бірі №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебінен келген – Ақбөпе Серікбаева.

Семинарға қатысушылар көрмені тамашалап, ашық сабақтарға кірді. Мектептегі үйірме жұмысымен танысып, креативті әдістерді меңгерді. Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамутуға арналған коучинг, танымдық іс-шара мен психологиялық тренинг те қамтылды. Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта мектебі — шаһардағы үздік білім ордаларының қатарында. Мұнда білім беретін 56 мұғалімнің басым көпшілігі зерттеуші, сарапшы, шебер біліктіліктерін иленегендер ұстаздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button