(Қазақша) 600-ГЕ ЖУЫҚ САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Биыл маусым айында Сарыағаш қаласында 585 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй толық пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 600-ге жуық баспанаға мұқтаж отбасы үйлі болмақ. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте мәлім етті.
Сарағаш ауданында 2022 жылы 31 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Ал, биыл өнім көлемін 34,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ал, 2023 жылы инвестиция көлемін 35,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланыпты.
Сонымен қатар ауданда 2023 жылы 500 жаңа жұмыс орнын ашып, мүмкіндігі шектеулі 278 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Еңбек» бағдарламасына 9703 азамат қатыстырылатын болады. Ал, 12 455 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау көзделіп отыр. Брифинг барысында аудан басшысы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды екенін жеткізді.
Бұдан өзге, Сарыағаш ауданында білім саласына көп көңіл бөлінген. Биыл 3 мектеп пайдалануға беріледі. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдарға 10 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Биыл оның төртеуінің құрылысы жүргізілетін болады.



