(Қазақша) ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл орынтаққа Нұржан Жақсылықұлы Ізтілеуов лайық деп танылды. Ал бұған дейін ауданда үш жыл басшылық еткен Нұрлан Байғұт өз өтініші негізінде қызметінен босатылды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Нұржан Ізтілеуов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары. Мамандығы – халықаралық экономикалық қатынастар. Еңбек жолын банк саласында бастаған. Әр жылдары Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округінің әкімі, аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болып жүмыс істеген. 2020-шы жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болып келді. Жиында жаңа басшы әкімдік қызметтегі тәжірибесін оңтайлы пайдаланып, елге еңбек етуге уәде берді.
Жаңа әкімді аудан активіне таныстырған Дархан СатыбалдыНұржан Ізтілеуовтың жұмысына сәттілік тіледі.Сондай-ақ, жергілікті әкімдерге жүктелетін міндеттерді саралап, ауданның әл-ауқатын арттыру бойынша кешенді шаралар атқарылуы қажеттігін ерекше айтты.
Дархан Сатыбалды – Түркістан облысының әкімі
— Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жергілікті әкімдерге қазіргі заман талабына сай жаңа талаптар қоюда. Оның бастысы – тұрғындардың сұрақтарын сапалы, уақтылы шешу. Әкімдер жаңа форматта, тұрғындармен тікелей байланыста жұмыс істеуі керек. Өздеріңізбілесіздер, жуырдаМемлекетбасшысының қатысуымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілгенкеңесөтіп, Президентіміз даму бағыттарынайқындады. Осы бағыттағыжұмыстарғакүшсаламыз.
Түлкібас – облыстағы әлеуеті жоғары аудандарының бірі. Аймақтағы елді мекендердің басым бөлігі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Ендігі міндет – инвестиция арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту. Жаңа тағайындалған басшы осы бағытта табанды еңбек ететініне сенім мол.



