Новости

(Қазақша) ШЫМКЕНТТЕ БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Шымкентте бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды. Дүбірлі дода бокстан КСРО -ның спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, Бекзатов Кенжехан Әлтайұлын еске алуға арналған. Сайысқа 9 команда 200 ден аса колғап шеберлері қатысып жатыр.

Биыл 2-ші рет жалауы түрілген халықаралық бокс додасына шет мемлкеттерден Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері мен қатар Қазақстанның барлық аймағынан былғары қолғап шеберлері келген. Шаршы алаңға ең талантты деген жас боксшылар шығып, 15 салмақ дәрежесінде тартысты жекпе-жектер өткізеді.

Халықаралық дода да кіл мықтылар өнер көрсетеді. Шаршы алаңға шыққан әрбір боксшы бұл халықаралық турнирге жоғары дайындықпен келіп, жеңіс үшін бар күш-жігерлерін көрсетіні сөзсіз.

Әлем чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спортшы Біржан Жақыпов былғары қолған шеберлеріне сәттілік тіледі.

Дәстүрлі бокс турнирі жыл сайын қаншама талантты жас боксшылардың тұсауын кесіп жатыр. Өздеріңізге мәлім еліміздің олимпиада чемпиондары да осы турнирде шыңдалған. Шымшаһардағы бокс бәсекесінің жеңімпаздары 5 мамыр күні анықталатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button