(Қазақша) КӨКТЕМГІ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Шымкентте оңтүстік өңірдегі ауқымды шара — көктемгі жүгіру жарысы өтті. Қажымұқан атындағы орталық стадионда ұйымдастырылған спорттық сайыс шаһар тұрғындары арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байрақты бәсекеге бас аяғы 300 жүгіруші қатысып бағын сынады. Оның 100-ден астамы 13 жасқа толмаған балалар. Қатысушылар жас санаты бойынша 7 топқа бөлінген. Алғашқы айналымды үлкендер тобы бастап, шараның шымылдығы түрілді.
Көктемгі жүгіру жарысы Шымкент Марафон қоғамдық қорының қолдауымен өтуде. Үлкендер тобы 5 шақырым қашықтықты бағындырып жатыр. Бастысы жеңіс емес әрине, ауқымыды шараға қатысып бағыңды сынап көру. Әсіресе жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыру. Бұл ретте жарыс ұйымдастырушылары көктемгі жүгірудің маңызы жайлы айтып өтті.
Салауатты өмір салты — бүгінгі күннің басты ұраны. Марафонға отбасымен бірге қатысып жатқандардың көп екенін аңғаруға болады.Олардың қатарында Әшірқұловтар әулеті де бар. Жарысқа асқан дайындықпен келген олар ешқандай қиындыққа тап болмағанын айтады. Керісінше алдағы үлкен марафондарға қатысуды жоспарлап жүр екен.
Қыздар арасында абсолютті чемпион болған Батима Калиахмет аранайы осы марафон үшін Астанадан ат терлетіп келген.5 шақырымды 25 минут 27 секундта жүгіріп өткен ол керемет сезімде екенін айтты.
Айтып өтейік, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде «Шымкент марафон 2023» марафоны өтеді.Оған 5 мыңнанаса адам қатысады деп күтілуде. Бұдан бөлек алыс жақын шет елдерден 1000-ға жуық турист келеді. Ұйымдастрыушлыардың айтуынша бұл ауқымды шара бұқаралық спортпен қатар миллионды шаһардың туристтік әлеуетінің артуына да өз септігін тигізеді.



