МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!

Мемлекеттік тілдің мәртебесі тағы бір асқақтады. Бұл жолы әскери қызметтегі өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен шеберліктерін танытты.
Байқаудың басты мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін арттыру. Мемлекеттік тілді енгізу мәселелерімен айналысатын мамандардың кәсіби деңгейін одан әрі жетілдіру. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мен дамытуға жағдай жасау мақсатында осындай сайыстар ұйымдастырылып тұрады.
Жобаның екінші кезеңіне Алматы, Тараз, Қызылорда, Талдықорған өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің қызметкерлері келді. Баврлығыда өз аймағының саңлағы атанғандар. Олар мемлекеттік тілді жетік меңгерген «Үздік маман» атануға тырысады.
Байқауға Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлері, тілші мамандар мен жоғары оқу орнының оқытушылары қазылық жасады.Бұл байқау үш кезеңнен тұрады екінщші кезеңнің жеңімпаздары қыркүйек айында Алматыда өтетін ақтың кезеңде бақ сынасады.



