Новости

(Қазақша) 50-ГЕ ЖУЫҚ АРДАГЕР САЯХАТҚА АТТАНДЫ

Извините, этот текст доступен только на “казахский”.

Сарығаш, Келес және Сайрам аудандарынан жиналған 50-ге жуық ардагер көрші елге 3 күндік саяхатқа аттанды. Ондағы мақсат — қазақ халқы мен өзбек халқының достығын нығайту, бабалар рухына тағзым ету, сонымен қатар ӨР-ның тарихи-мәдени орындарымен танысып, киелі мекендерге зиярат жасау.

Ардагерлерді киелі сапарға шығарып салуға аудан әкімі Арман Абдуллаев  арнайы келіп, алашапанды ағайындардың жұртына аттанып жатқан зиялы қауым өкілдеріне ақ жол тіледі.

Құнанбайдай қариялар мен Зередей зерделі аналардың сапарға аттануына бастамашы болған – Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов. Ал ақ батасы мен ізгі тілегін білдіріп, қолдау көрсеткен — Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен аудан басшысы Арман Айдарұлы. Демеушілік жасаған  — ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев. Қариясын қазынаға теңеген азаматтар екі елдің достығын арттыру мақсатында ұлы сапарға аттанып жатқан ардагерлерге осылайша құрмет көрсете білді.

Бүгінгі іс-шараны ұйымдастыруға негізгі ұйытқы болған — Өзбекстандағы «Қазақ» ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серік Назарұлы. Екі елдің мәдениеті мен тарихын өзара таныту бағытында жұмыстардың басталып кеткенін айтқан қандас бауырымыз, мұндай жиындардың біз үшін маңызы зор дейді.

Ардагерлеріміз сапар барысында ғимараттардың түр-түрін көріп, шежірелі орындармен танысып жүрген ел ағалары бұл саяхаттың шынымен де рухани азық сыйлап жатқанын алға тартты.

Қазыналы қариялармен саяхат барысында Өзбекстан елінің Ташкент, Бухара, Самарқанд қалаларын аралады.  Қазақ халқының тарихында шешендігімен танылған билермен, ел қорғаған батырлар кесенесіне зиярат жасап қайтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button