Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ КІМНІҢ ҚОЛЫНДА?

Шымкенттегі мекемелер мен халықтың тыныштығын, әрі қауіпсіздігін қамтуда арнайы күзет мекемелерінің қосып жатқан үлесі зор. Қалада күзет қызметі, бейнебақылау, дабыл хабарламасы мен өртке қарсы қорғаныс саласында заманауи технологияларға сұраныс артып келеді. Осы мақсатта тауар ұсынушы мен тұтынушы арасында байланыс орнату үшін көрме ұйымдастырылды.
Көрме арқылы жаңашаландырған қызмет түрлері көпшілікке ұсынылды. Мақсат – қауіпсіздік саласындағы қызмет түрлерін кеңінен насихаттап, тауар ұсынушы мен тұтынушыға арналған бейресми алаң орнату, дейді ұйымдастыруышылар.

Көрмеге қауіпсіздік саласында қызмет түрлерін ұсынатын бірнеше мекеме қатысып жатыр. Атап айтсақ, Әділет Груп Секурити, Күзет 911, АйЭмЭс, КГБ Қазақстан, НиВаД ЛТД, Адмирал, Ақылды үй, Старлайн, Ай Ти Эс, Интант т.б компаниялары жаңа технологияларын көпшілікке көрсетті.

Күзет агенттігінде қызметкері Ғани Ибрашов – Ауған соғысының ардагері. Жалпы қауіпсіздік саласында қызмет етіп жүргеніне 30 жылға жуықтаған. Қызметтік міндетін орындау барысында түрлі қауіп төнетін қоңырауларға барған. Сондай оқиғалардың бірі – Шымкентте биылғы 20 ақпан күні болған қару-жарақ дүкенінің тоналуы

.

Басқа жаңалықтар

Back to top button