(Қазақша) «ТОЛЫҚ АДАМ: КӘСІБИ МҰҒАЛІМ.ҰЛЫ ҰСТАЗ»

«Толық адам: Кәсіби мұғалім. Ұлы ұстаз». Шымкентте осындай атаумен ұстаздарға арналған республикалық форум өтті. Шара Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттап, жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге бағытталған. Сондай-ақ ұлағатты ұстаздардың жыл бойы атқарған жұмыстары талқыланып, үздіктері марапатталды.
«Толық адам: кәсіби мұғалім. ұлы ұстаз» республикалық форумына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының қызметкерлері мен елміздің бірқатар облыстарының Әдістемелік орталықтарының әдіскерлері, ЖОО оқытушылары мен ғалымдары және мектеп мұғалімдері қатысты. Шараның мақсаты «Толық адам» ілімі арқылы педагогтердің кәсіби капиталын жетілдіру және негізгі идеясын тәжірибеде қолдану.
Онлайн және офлайн форматта өткен жиынға жергілікті ұстаздар қауымы мен еліміздің өзге облыстарының педагогтары қатысты. Білім берудің мазмұны мен әдістемесін жетілдіру аясында пән мұғалімдеріне қолайлы жағдай жасап, бағыт бағдар беріп отырған Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы өз тәжірибесімен онлайн форматта бөлісіп, құнды баяндамаларын ұсынды.
Айта өтейік, республикалық форумда Абай Құнанбайұлының туындыларын дәріптеуде жоғары нәтижеге қол жеткізген ұлағатты ұстаздар жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Ұздіктері марапатталды.



