Новости

(Қазақша) ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Мектеп оқушылары 1 маусымнан бастап жазғы сауықтыру лагерлеріне бара бастайды. Ал Шымкентте 200-ден аса лагерь жұмыс істейді. Оларда 150 мыңнан астам оқушы демалады. Үшінші мегополисте бұл жұмыстарға 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген екен, бұл сомма қалай игерілмек?

Биылғы жазғы маусымда Шымкентте 215 лагерь жұмыс істейді.  Оның 10 қала сыртындағы демалыс орындары болса, 205-і мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлері. Қаладан тыс арнайы демалыс орындарына 16 715 оқушы аттанса, мектептердегі лагерлерге 137 555 бала тартылады.  Олар бір маусым айы бойы интеллектуалды ойындар ойнап, қаланың көрікті жерлерін аралайды.

Лагерлерде демалатын оқушылардың ішінде 7 241-і әлеуметтік осал отбасы балалары, 1153-і ерекше білім беру қажеттілігі бар бала. Ал тағы 121 оқушы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Демеушілер де 8200 баланы сауықтыру орындарымен қамтымақ. Басқарма басшысы сонымен бірге ата-аналарға жаздың кезінде балаларын қараусыз қалдырмай, өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Жанат Тәжиева ата-аналар өз қаражаты есебінен де балаларын лагерлерге жіберіп, жылыны бір рет сауықтыру орындарымен қамтығаны жөн дейді. Айта кетейік, биыл Шымкентте тағы 3 жазғы сауықтыру лагерін салу жоспарланған. Бүгінде жер учаскелері қарастырылып, мемлекет мұқтаждығына қайтару үшін тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button