(Қазақша) АСАР-2 ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Шалғайдағы шағын аудандардың бірі Асар – 2 табиғи газға қосылды. Бүгіннен бастап абоненттеу жұмыстары басталған елді мекенде бас-аяғы 3675 үйге көгілдір отын құбыры тартылған.
Қарсыгүл Молдабекованың Асар – 2 –ден жер учаскесін алып, үй салғанына 3 жылға жуықтапты. Таза суды тасып ішіп, жекенің жарығын жағып келген олар, осы аралықта балондағы газды тұтынғандарын айтады. Әсіресе, көгілдір отынның қадірін қыс ауасында қатты сезіндік, дейді кейуана.
Өткен жылдың тамызында басталған Асар – 2-дегі табиғи газ құрылысы араға 9 ай салып мерзімінен бұрын аяқталып отыр. 24 шақырым құбыр тартылып, 1000 астам газ жәшігі орнатылған. Нәтижесінде, 3675 үй қамтылып, 15 мыңға жуық халық көгілдір отынға қол жеткізуде.
Жалпы, Абай ауданы бойынша 7 елді мекенде табиғи газ құрылысы жүргізілуде. Оның біреуі яғни, Асар – 2 –дегі жұмыс биыл аяқталсақ, қалған 6 шағын аудандағы құрылыс келесі жылдың еншісіне қалдырылып отыр екен. Олар, Қайнарбұлақ саяжайы мен тұрғын алабы, Тәуелсіздікке 20 жыл, Бозарық елді мекендері.
Айта кетейік, Абай ауданы бойынша бүгінде 70 пайыз көгілдір отынмен қамтылған. Биылғы басталған жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылға дейін аудан халқын толықтай табиғи газбен қамту жоспарланған. Осы орайда, инфрақұрылым жүйелері аяқталған елді мекендерде асфальт төсеу жұмыстыры жүргізілетін болады.



