Новости

(Қазақша) ҮЗДІК БАЛАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бірінші маусым балаларды қорғау күнінде шымкенттік үздік шәкірттер  марапатталды. Озық оқушыларды мегаполистегі Достық үйінде қала әкімі арнайы құтықтады.

Шымкенттік озық ойлы  оқушылар өздері жасаған робототехникаларынан көрме ұйымдастырды. Жас өнерпаздар төл туындыларын қала әкімі мен халық халаулыларына таныстырды.  Сонымен қатар  әр білім ұясы өздері жеткен жеттістіктерін паш етіп, саңлақ шәкіртерімен мақтанды.

Көрмені тамашалаған депутаттар жас ғалымдардың озық идеяларына таңданды. Балғындардың алғашқы жобаларын келешекте үлкен кәсіпке айналдыруға болатындығын тілге тиек етті.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен қызды. Шымкент мектептерін 10 жыл бұрын бітірген өнеопаздар іні сіңлілеріне ән шашуын шашты. Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов озық ойлы оқушыларға құтықтау тілегін арнады.

Қаламыздағы жалпы  897 білім беру ұйымдарында 399 598 бала  тәрбиеленуде. Оның ішінде 246 мектепте 249 544 оқушы білім алуда. Сахына төрінен табылған шәкірттер  сол 400 мыңға жуық балалардың арасынан үздік шыққан саңлақтар. Қала әкімі марапат қағазымен қатар әр балаға жазғы лагерге жолдама сыйлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button