Новости
(Қазақша) Түркістан облысында мақта-тоқыма саласында 75 кәсіпорын ашу жоспары талқыланды

Түркістан облысында мақта кластерін құру жобасы әзірленді. Осы жобаны талқылау және сарапшылар, мамандар пікірін білу мақсатында мәжіліс өткізілді. Жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған саланы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды екенін жеткізді.
– Облыстың өзіндік табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Бұл ретте мақта кластерін дамытудың маңызы зор. Осы салада ірі фабрика, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Екіншіден, мақта өсіруде су үнемдеу технологиясын мейлінше жетілдіру қажет. Жалпы мақта шаруашылығы үлкен ізденістер мен зерттеулерді талап етеді. Облыс әкімдігі тарапынан мақта кластерін дамытуға жағдай жасалады. Осы бағытта үлкен жоспарларымыз бар, – деді Дархан Сатыбалды.



