Новости

(Қазақша) «АЛАМАН ҚҰРАҚ» ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ШЫМКЕНТТЕН 18 ТІГІНШІ ҚАТЫСТЫ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Астанада Рәміздер күніне орай  «Аламан құрақ» жәрмеңкесі өтіп, оған еліміздің әр өңірінен 250 қолөнерші қатысқан болатын.  Шымкент қаласынан 18 тігінші бақ сынап, елордаға құрақ көрпесімен аттанған еді. Жеңіспен оралды. Құрақшылармен әріптесім тілдескен болатын.

Аяла Бауыржанқызы «Аламан құрақ» жобасының ең жас қатысушысының бірі. Шымкенттен аттанған 18 қатысушының қатарында анасы да бар. 10 жастағы кішкентай ісмер құрақ құрап, үлкен жобада бағын сынап көрді. Нәтижесі көңілге қонымды. Өскенде анасы секілді тігінші-дизайнер болуды армандайды.

«Аламан құрақ» жобасы мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған болатын.  Жәрмеңкеде ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді. Ту түстес қолөнер туындысын 250 шебер жасап шыққан. Бұл әлемдегі ең ұзын құрақ көрпе болып есептеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Айта өтейік, «Аламан құрақ» жобасында қолөнершілердің жәрмеңкесі мен ұлттық киімдер мен заманауи стильде тігілген киімдердің сән үлгісі көрсетілді. Бұл жоба қолөнершілерге мотивация, екінші жағынан ұлттық өнер мен отандық өнімді дамыту болып табылады. Ал, мақсаты – қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button