БастыЖаңалықтар
Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті

Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.
Оқиға Нәжімеденова көшесіндегі үйдің ауласында болған. Бала алған жарақаттарының нәтижесінде оқиға орнында көз жұмды.
“30 маусымда “102” арнасына Нәжімеденова көшесіндегі бір үйдің ауласында 17-қабаттан бала құлап кетті деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Бұл дерек расталды. Үш жасар қыз алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, сараптамалар тағайындалды”, – деді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.