Новости

(Қазақша) Елімізде барлық бастауыш сыныптарды тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Еліміздегі барлық мектептерде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

«Президенттің 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау мәселесі Үкімет деңгейінде бірнеше рет қаралды. Бүгінгі күні осы тапсырманы орындау үшін барлық өңірлердің әкімдіктері тарапынан қажетті қаржы бөлінді. 1 қыркүйектен бастап 1 млн 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады. Асханасы жоқ мектептерде Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп тамақтандыру 3 тәсілімен ұйымдастырылатын болады: кейтеринг қызметін ұйымдастыру, модулді асханаларды құру, буфеттік тамақтану», — деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button