Төреғали Төреәліге сот шешімі шықты
Алматыда сот әнші Төреғали Төреәліге билік өкілдерін қорлағаны үшін үкім шығарды. Ол 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Сот биылғы жылдың 14 маусымында Майлин көшесінде “Lexus” маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады. Жүргізуші А. полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөз сөйлеген, сондай-ақ қарсылық танытқан, осылайша ол өздерінің қызметтік міндеттерін орындап жүрген билік өкілдерін қорлады”, – деп жазылған соттың хабарламасында.
Бұған дейін танымал әнші 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Оның көлікті есірткішегіп жүргізгені белгілі болды.