БастыЖаңалықтар

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері төрт күнге жабылады

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің төрт күнге жабылатынын жеткізді, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Шекарадағы өткізу пунктерінің жабылуына мерекелік демалыс себеп болған.

“Қытай Халық Республикасында 29 қыркүйектен бастап, 1 қазан мен 3 қазан аралығындағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды”, – делінген хабарламада.

Бұл ретте Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button