Елде майлы дақыл түсімі төмен

Биыл күнбағыстың шығымы нашар. Былтырғы көрсеткіштен 30-40% төмен болады деген болжам бар, деп хабарлайды degeneken.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл деректі Ұлттық майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығы жария етті. Сарапшылардың айтуынша, жиналған өнім 850 мың тоннадан аспайды. Бұл – құрғақшылықтың әсері, – дейді мамандар. Енді өсімдік майын өндіретін зауыттарда шикізат тапшылығы туындайды. Сол себепті Қазақстан күнбағыс дәнін Ресейден тасымалдауы мүмкін. Александр Яшков, Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығының атқарушы директоры: – Майлы дақылдар шикізаты елімізден шығарылмауын бейнді министрліктер бақылауға алуы керек. Бірақ қазір баж салығы енгізілгеніне қарамастан сыртқа сату тыйылар емес. 2022-2023 жылдардағы маусымдық аралықта 300 мың тоннадан астам майлы дақыл шетел асырылған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 40%-ке көп.