Жаңалықтар

Қазақстан туризмі: Инвестициялық жобалар, мемлекеттік қолдау шаралары және инфрақұрылымды дамыту

2022 жылы 40 млрд теңгеге 138 инвестициялық жоба іске асырылды. Биыл 288 миллиардқа 115 жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында 1,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Саланы дамытуды қосымша ынталандыру үшін 2022 жылдан бастап мемлекеттік қолдаудың 7 шарасы іске асырылуда: тау шаңғысы курорттары үшін техника мен жабдықтар сатып алу бойынша өтемақы (25%), туробъектілерді салу, жөндеу жұмыстары кезінде өтемақы (10%), жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша өтемақы (10%), туравтобустар сатып алу бойынша өтемақы (25%), туроператорларға әр шетелдік турист үшін субсидиялау (15 мың теңге.), санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға субсидиялау (айына 83 300 тг.) және Kids go Free.

Биылғы кезеңнің қорытындысы бойынша пилоттық 2022 жылы 104,4 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілген кезде 580 млн теңгеден астам сомаға өтінімдер мақұлданды (туробъектілерді, жол бойындағы сервис объектілерін, тау шаңғысы курорттарына арналған техниканы, туравтобустарды сатып алу бойынша). Осылайша, мемлекеттік қолдау 6 есеге жуық өсті. Өтеу шеңберінде ағымдағы жылы 29 жоба мақұлданды, бұл ретте мұндай объектілердің инвестиция көлемі шамамен 4,5 млрд теңгені құрады.

Кидс Гоу Фри бағдарламасы бойынша ағымдағы көрсеткіштер өткен жылдың қорытындысынан асып түсті. Іске асырудың барлық кезеңінде 1 500-ден астам отбасы қатысып, 3 200 бала ел бойынша әуе саяхатын тегін пайдалануға мүмкіндік алды (2022 жылы – 1 434, 2023 жылы – 1 787 адам). Халық пен турбизнестің ұсыныстары негізінде бағдарлама жетілдірілуде және 2024 жылдан бастап балалар топтарына тегін әуе сапарларын пайдалануға рұқсат беруді жоспарлап отырмыз.

Туризм және спорт министрлігі туристік КэшБэк жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бағдарлама аясында туристік маусымнан тыс кезеңде отандық саяхташылар ел ішінде демалуға жұмсаған шығындарының 20%-на дейін өтемақы төлеу  жоспарлануда. Бұл – қалыпты өмірде өте таныс механизм, оны қолдану бұқаралық туризмнің дамуын ынталандырады.

2019 жылдан бастап ТОП 10 басым туристік аумақты дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Кейінгі жылдары ішкі демалысқа сұраныстың артуын ескере отырып, олардың саны әр аймақты қамтитын 20-ға дейін толықтырылды.

Ішкі және шетелдік туристердің қажеттіліктеріне негізделген 3 ірі жобаның тізімі анықталды. (Астана қаласындағы көпфункционалды туристік аудан, Ақтау қаласындағы «жылы жағажай» кешенін дамыту, Алматы облысындағы Қаскелең тау шаңғысы кешені).

Халықаралық франшизасы бар қонақүйлер үшін жеңілдікті қаржыландыру мерзімін 10 жылға дейін ұлғайту жолымен кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары жетілдірілуде.

Курорттық аймақтарда инфрақұрылым жеткіліксіз болуына байланысты әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша заңнамалық құзыреттер беру, сондай-ақ инвесторлардың шығындарын өтеу тетігін енгізу жөнінде ұсыныс жасалды.

Ауылдық аумақтардың әл-ауқат деңгейін арттыру мақсатында біз эко және агротуризмді дамытуды ұсынамыз. Бұл – 10 мыңнан астам ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button