БастыЖаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде көктайғақ пен боранға байланысты жол учаскелері жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды degeneken.kz.

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында “Алматы-Ташкент-Термез” тас жолының 159-238 шақырым аралығы жабық, Кенен ауылынан Қайнар ауылына (Жаңа Қордай асуы) дейін – 79 км;

Жетісу облысында екі жол учаскесі (223 км):

  • “Үшарал-Достық” тас жолы, 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км;
  • “Алматы-Өскемен” тас жолы, 287-410 км, Талдықорған қаласынан Сарқанд қаласына дейін.

Қызылорда облысында “Самара-Шымкент” тас жолының 1361-1650 шақырым арылығы жабық, Арал қаласынан Босмандық ауылына дейін – 289 км;

“Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды”, делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button