БастыЖаңалықтар

Қазақстанда қанша блогер бар және олар салықты қалай төлейді?

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер барын және олар салықты қалай төлейтінін айтты, – деп хабарлайды degeneken.kz.

“Бүгінде 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін”, – деді Жамаубаев.

Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, оларға салық төлеудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button