БастыЖаңалықтар

Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Болжам бойынша, 13-14 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтал бөліктер ықпалынан тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, солтүстік облыстарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ, сондай-ақ батыста ауа температурасы 5 градус аяз – 5 градус жылы, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда 5 градус аяз – 2 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

“Айдың ортасына қарай циклон Қазақстан аумағынан шығып, оның орнын арктикалық антициклон басады, оның әсерінен республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Елдің қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді”, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button