БастыЖаңалықтар

Түркістанда көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары жылуға артық төлем жасап келген

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасының Түркістандық еріктілері жылу жүйесіне мониторинг жүргізу барысында, Түркістан қаласындағы 32 көпқабатты тұрғын үйдің 2265 тұрғыны жылуға 12,8 млн теңге артық төлегенін анықтады.

Бұл жағдай есептеу құрылғылары орнатылғанына қарамастан, тұрғындарға жылу энергиясының құнын шаршы метрмен қымбат есептеу нәтижесінде орын алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, жылу энергиясы үшін төлемақылар қайта есептелді. Осылайша, тұрғындар артық төлемдерден құтылды.

Жылуға байланысты мәселелер әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешу үшін әзірленген өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасы аясында еріктілер қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, pro bono (кәсіби көмек көрсету) және корпоративтік еріктілік бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button