
«Темекі шегетін адам онкологиялық ауруларға шалдығып қана қоймай, жүрек қан-тамырлары сырқаты, атеросклероз сияқты ауруларға шалдығады.
Екіншіден, себепсіз ашулану, мазасыздану секілді жүйке аурулары пайда болады. Темекі шеккен соң оның зиянды қалдықтары денемізде және киімімізде қалып қояды. Тіпті, адам күніне екі-үш дана темекі шексе де, ауада төрт мыңнан астам зиянды зат қалықтап тұрады. Бұл өз кезегінде отбасының барлық мүшесіне кері әсерін тигізеді», – дейді медицина маманы Ардақ Тұрғанбаева.