Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында жиынға қатысты

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында, Шардара балалар саз мектебі қызметкерлерімен семинар өтті.
Оған Шардара аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Г.Сабден қатысып, өзгеріс енгізіліп жатқан Заң аясында түсіндірме жүргізді. Яғни жиналғандарға әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойылғанын жеткізіп, қолданысқа енгізілетіні жөнінде хабардар етті.
Сонымен қатар Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Қамқорлық” отбасын қолдау орталығының психолог маманы С.Машкаловпен азаматшалардан сауалнама алынды.
Жиын соңында әйелдерге кез келген зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда бірден полицияға арыздану керектігі айтылды.
Түркістан облысының полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің көбі ішімдік пен есірткіге мас күйінде болатынын еске салады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сағат 23:00-ден кейін алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң бар.